+1 дауыс
6.2k көрілді

2 жауап

0 дауыс
Ашық адам деген ,бір көрген адамымен тез тіл табысып,сөйлесіп кететін адамның қатарына жатады.Ондай адамдар сырын ішіне бүкпей бетке ашық айтады.Өз басым сондай адамдарды өте сыйлаймын.
0 дауыс
Ашық адам болмайды, ашық мінезді адамдар  болады, негізі!!!
Ашық мінезді адамдардың жақсы жағы: ақжарқын, жылы жүзді, көпшіл, жайдары, әзілқой, мінезі ашық, әділ әр істің шындығын айтатын, қолдайтын адам. Көңіл күйлеріін ашық көрсетеді, айналадағы кез келген ортамен тіл табысып кететіні мені қатты қуантады!! Ашық мінезділермен сөйлесу де қиынға соқпайды, кез-келген жерінен сөзіңді іліп әкетеді, ашық мінезділермен сөйлессең, ойың онға бөлініп, неше түрлі оқиғаларды бастап өткізіп, неше түрлі жағдаяттарға кезігесің!!!
Ашық мінезді адамдардың жаман жағы: аузында бір сөз тұрмайды, сырыңды шын тапсырып айта алмайсың,  тым ашық болғаны соншалық, бетке бастыртып айтатын әдеттері де бар!! Мен көбіне ашық мінезділермен дос боламын, себебі мен тұйықтаумын, сондықтан өзіме қарама қарсы мінезділер мені тартады, өзім өкінбеймін, сондай мінезді адамдармен дос болмағаныма, солармен жүрсем әр секундым қызықты өтеді!!! Бұл тек менің ойым, ойым толық болмауы да мүмкін, ойыма келгені осы!!!

Ұқсас сұрақтар

...