+1 дауыс
Ауылым - әнім  Сөзі Б. Тәжібаевтікі, әні Е. Хасанғалиевтікі Қайда жүрсем, туған жерім, Сен есімнен шығармысың!
13.04.2012
өңдеді 23.0k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Мақпал Диқанбаева - Ауылым әнім

Қайда жүрсем, туған жерім,
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім,
Көз алдымда тұрармысың!

Ғашық едім қыр гүліне,
Қызық-тойым сенде өтеді.
Сенде өткерген бір күніме,
Дүниеде не жетеді!

Сүйем таныс жолдарыңды,
Саған бастап әкелетін.
Сүйем жасыл талдарыңды,
Жанға ләззат әперетін.

Сүйем айна көлдеріңді,
Мөлдіреумен қарайтұғын.
Сүйем белес-белдеріңді,
Таң сәулесі тарайтұғын.

Саған жырдан - сый арнағам,
Қиял құсын қуған жерім.
Туған жерін сүйе алмаған,
Сүйе алар ма туған елін!

Ауылымнан аттанарда,
Алтын аймақ ән салады.
Жол тынымсыз тартқан алға,

Жүрегімді нұр шалады...
16.04.2012
өңдеді

Ұқсас сұрақтар

127,957Сұрақ
322,869Жауап
153,169Пікір
72,972Қолданушы