+1 дауыс
49.3k көрілді
"Туған жерім - тұғырым" атты шығарма тауып бере аласыздар ма?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
«Туған жер»
Кеңсің дала
Туған ана,
Көйлегің кең көк ала
Жан беретін
Тән беретін
Мейірімді ана сен ғана.
С.Сейфуллин.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін ол аса қымбат отбасыдан басталады. Дәл осы ортада менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтіп жатыр. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейді. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған жерді, туған елді аңсайсың. «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» демей ме? Адам туған елдің құдіретін, қасиетін одан алысқа барғанда ғана сезінеді. Ал бұл сағыныш сезімі басқа сезімдерден ерекше ғой. Бұл - Отанға деген сүйіспеншілік, махаббат. Туған жеріне, еліне деген махаббатын, сүйіспеншілігін білдірмеген адам жоқ шығар, сірә?. Өле-өлгенше бар жанын өлеңге арнаған, Отан десе жүрегі мәңгі лүпілдеп тұратын жандардың бірі М. Мақатаев атамыз:
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен... ,-деп жырлағандай мен де өз елімді, өз жерімді мәңгі бақи сүйіп, оның құдіреті мен қасиетіне бас иіп өтемін!
рахмет))бірақ маған көлемді шығарма керек ед)бұл шығарманы басқа бір сайттан көріп едм)сонда да рахмеет
0 дауыс
Бүгінгі қазақтың іздеген «Жерұйығы» не? Еуропа ма, Америка ма? Қайда ол көрікті мекен? «Ол жақта бәрі дейді ғой, қысы да жылы жаздайын» деп әндетіп жүрміз бе, әлде...

Гер-ағаң үнемі «менің құтты мекенім – қазақ жері» деуші еді. Германияға, туған атамекеніне кетуіне де болар еді. Бірақ жан-тәнімен қазақ болып кеткен Гер-ағаң неміс болып кете алмас еді. Оның тұла бойы тұнған қазақылық еді. Қазақтықтан безіп, неміс бола алмайтынын ол жүрегімен сезінді. Сол үшін қазақ халқының мұңы ортақ, жыры ортақ болды қаламгерге.

Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» атты керемет романы бар. Сол романын Шер-ағаң:

– «Парижде болдым – Париж түсіме кірмеді.

Мысырда болдым – Мысыр түсіме кірмеді.

Қытай, Моңғолстан, Үндістан, Пәкстан, Иран бардым.

Мұхиттың арғы бетіндегі  Чикагода, Техаста, Нью-Йоркта болдым – олар да түсіме кірмеді.

Баяғыда Мәскеуде бес жыл оқыдым – ол да түсіме кірмеді.

Түсімде ылғи балалық шағымды көремін.

Түсіме күн сайын Мыңбұлақ кіреді. Түсімде үнемі Ақсу-Жабағылыны көремін» деуші еді ғой.

Бір кездері Қазақстаннан жырақ тағдыр айдауымен ауып кеткендердің туған жердің топырағын аңсауының сырын енді түсіне бастағандаймын.

Қазақстаннан алыс шетелдікке тұрмысқа шыққандардың да ішкі жан дүниесін аңғара бастаған секілдімін.

Туған мекеннен алыстаған сайын ол сені өзіне тарта береді екен.

«Арқада қыс жылы болса, арқар ауып несі бар?» деуіңіз де мүмкін.

Алайда әркімнің өз жұмақ мекені болады.

Ол оның туып-өскен жері, атамекені, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі.

Менің де әлем халықтары секілді өркениетті мемлекетте өмір сүргім келеді.

Еуропаны аралап, Американың суын ішкім келеді.

Бірақ ол елдерде мәңгі тұра аламын ба? Жоғарыдағы өзіміз мысалға келтірген қыздардың тағдырын қайталамасымызға кім кепіл бола алады?

Еуропаны көрсек те, Америкада тұрсақ та, түсімізге енбеуі мүмкін.

Өйткені  біздің жұмақ мекеніміз – осында.

Біз осыны ғана аңсаймыз...
...