+1 дауыс
63.2k көрілді
бәрібір қандай болса да!

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Хабарландыру


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурсты жариялайды.

Конкурсқа ғылыми-зерттеу саласында тәжірибесі мен жетістіктері бар ғалымдар, инженерлер тобы, сондай-ақ заңды тұлғалар қатыса алады. АҒҚТ мен КҒҚТ арналған бағдарлама жөніндегі толық ақпараттарды www.kaztcp.kz веб-сайтынан біле аласыздар.

Ғылыми жобаларды іріктеу әдісі: Дүниежүзілік банктің ғылыми жобаларды іріктеудегі ережесі бойынша – үш сатылы үдеріс.

Аталған конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі 2012 жылғы 2 наурыздан басталады. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер [email protected] электронды поштасына 2012 жылғы 31 наурыздың Астана уақытымен 23.00-ге дейін ғылыми жобалар мен әзірлемелердің электронды нұсқадағы ағылшын және орыс тілдерінде өтінімдерін жіберуі қажет.

Бұдан басқа, ғылыми жобалар мен әзірлемелердің қағаз және электрондық тасығыштағы нұсқалары мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор к. 8, Министрліктер үйі, 11 кіре беріс, 801 бөлме, тел: +7 (7172) 742360.
+4 дауыс
ХАБАРЛАНДЫРУ

<u>Хабарландыру – қандай да бір оқиға, шара т.б. туралы ресми хабарлау. </u>

<br>
Конкурс туралы

_______________________________ тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орталықтандырылған сатып алу бойынша __________________________ қалалық (__________________________ аудандық) конкурстық комиссия __________ қалалық (___________________аудандық)____________________ _____________ басқармасы үшін ____________________________ бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу  жөнінде ашық конкурс1 өткізетіндігін хабарлайды.
Сатып алынатын жұмыстардың толық тізбесі, олардың егжей-тегжейлі ерекшелігі, жұмыстардың орындалу мерзімі және өтетін орны конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық ынталы өнім берушілер жіберіледі.
Конкурстық құжаттама пакетін _____жылғы __________ күнгі __ сағат ____ минутты қоса алғандағы мерзімде, ал қалған күндері мына мекенжайда ______________
_____________________________, сағат ____-ден ____-ге дейін ақысыз алуға болады.
Ынталы өнім берушілер байқауға қатысу үшін конверттерге салынған конкурстық өтінімдерді ________ қаласының (________ ауданының) тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орталықтандырылған сатып алу бойынша конкурстық комиссияға мына мекенжайда _________________ сағат ___-ден ______-ге дейін тапсыруы тиіс.
Конкурстық өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі _____ жылғы __________ күнгі __ сағат __ минутқа дейін.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттер ____ жылғы _____ күнгі
сағат __ минутта мына мекенжайда _________________конкурстық өтінім тапсырған барлық келген ынталы өнім берушілердің көзінше ашылады.
8(000) 0-00-00-00, 0-00-00-00 телефондары бойынша қосымша ақпарат3 және анықтама алуға болады.
<br>
немесе...
<br>
...