+2 дауыс
1.0k көрілді
«Жетім өспейме, желкеңді теспей ме?» деген мәтелді қалай түсінесіздер, бұны қазағым неге айтқан...

6 жауап

+2 дауыс
Қазіргі қоғамда жетімдерді елемей,шеттетіп жатқаны жасырын емес.Бірақ оған мойымай жетімдерде осы қоғамда өз орнын тауып өз ісінің маманы болады деген мағына да шығар деп ойлаймын.
Жетімдерді елемейді емес, қайта қазір жетімдерге көөөп көңіл бөледі,
-өкімет оларға ай сайын квота төлейді,
-мектеп оқушысы болса, қоғамдық өмірде мектепке баратын құрал жабдықтарын алып береді, киімдерін т.б..
- әр жаңа жылда сыйлықтардан құр қалдырмайды, тіпті мерекелерде...
-әр жазғы каникулда демалыс лагеріне жібереді...
-жетім баланы асырап алғаны үшін, апикум алған жанға әр ай сайын белгілі сомма көлемінде ақы төлейді..
-тіпті, қазір, жалаң аяқ жетімдер үшін де жетімдер үйі ашылған..
-және Үйге тіркелуге тұрады, кейін адам болған кезде очереді келсе беріледі
-жетімдер үшін Мемлекеттік оқу орнынан грант бөлінеді, егер ол адам проходнойдан өтсе...
айта берсем көөөп... Жалпы айтқанда өкімет ата-анасынан басқасының бәрін сатып алып береді, тек олардың жүрек жарасы ата анасы..
Жетімдерді ешкім шеттеткен емес, олардың еш жазығы жоқ, өмірдің осындай болғанына
+2 дауыс
Жетім балалардың еркелейтін, арқа сүйейтін ата-анасы болмағаннан кейін олар тек өздеріне сенеді және өмірде кездесетін қиындықтарға төтеп бере алады.
+2 дауыс
Жетім өскен бала намысшыл болып өседі ғой, ал адамды алдыға жеттелейтін со намыс! Жетім бала өскен сон егер жаман жолға салынбаса бір жерді тесіп шығады, мен солай ойладым...
+2 дауыс
Жетімдер нағыз ер, азамат болып келеді. Сіздер өздеріңіз елестетіп көріңіздерші: Сіздер бір апта ата-анасыз өмір сүріп көріңіздерші, қандай болады? Елестетіңіздер...Өмірдің ащысына төзіп, қиындығына дес бермей, есейгендей боласыздар! Еркеліктеріңіз басылып, өздеріңіздің қалай есейгендеріңізді өздеріңіз байқайсыздар! Ал жетімдер ше? Бір апта түгіл, бір жыл, жо-жоқ бірнеше жыл...болд мен жылаймын қазір! бәрібір олардың жүрегінің түбінде бос кеңістік бар..
шынымды айтайын ойым аяқталмай қалды....................
+2 дауыс
Сол қазағым айтқан тағы мынадай мақал бар "Жетім көрсең жебей жүр..." . Бұл жерде менің айтпағым, мақалдыңда жақсысы бар, жаманы бар, естісі бар, есері бар. Мақал екен деп шатасуға да болмайды, әр мақалдың шығу тарихына көз жүгірткен дұрыс, мысалы, "бәйбішеге жарасар қолындағы сабасы" деген мақалды сөзге тиек етсек әлдебір арам оймен немесе мақтаншақтықпен шығарылғаны айқын сияқты. Сонда байбіше ұстаған сабаны тоқал немес күң ұстаса жараспас па? Тіпті мына мақалға да сын айта аламын "алтын көрсе періште жолдан таяр" дейді, біле білсеңіз бұлда бір қызулықпен бір есердің аузынан шығып елге тарап кеткен секілді.  Жоғарыда өзіңіз айтқан мақал да әлдебір жетімге күн көрсетпеген сараң-надан әйелдің аузынан шыққанға ұқсайды.
+1 дауыс
Қазақта,қазіргі қазақтар мысалы кейбіреулері "біреудің баласына кімнің жаны ашысын "дегендей көп көңіл бөлмейді оларға,және олар кекшіл болып келеді,ал олар өскенде кім білсін біреуі депутат бола ма біреуі жоғарыда отыра ма олар бәрібір сол кекті сақтап сол адамдардың алдына келтіруі мүмкін деп айтқаны ғой.....
...