0 дауыс
46.2k көрілді
Баяғыда бір жетім бала болыпты..... деген сөздерден басталатын ертегі керек немесе тек жетім бала туралы болса!!!

4 жауап

+4 дауыс
Баяғыда бір бала болыпты.Әке-шешесі жоқ тұл жетім екен.Көрінгеннің есігінді қаңғып жүреді.Бір үзім нан үшін жұрттың шошқасы мен сиырының соңында солпаңдып,айтқан шаруасын екі етпей орындайды.Ер жеткен соң бір ауқатты шаруаның сиырын бағуға жалданыпты.Күздің қара суығы екен.Төңіректі тұман шарлап,ызғырық жел өміңнен өтеді.Жұрт жылы үйден шыққылары келмейді.Ал жетім бала жалаң аяқ сыз басып,сиыр жаяды.Суықтан тісі -тісіне тимей жаурайды.Жапан далада тоңғаннан не істерін білмей,өксіп-өксіп жылайды.

  Кенет қасына бір кішкентай шал келіп:

 -Әй,балам,неге жыладың?-деп сұрайды.

-Жыламағанда не?-дейді бозбала.Қожайын күнде үйден қуад.Жалаң аяқ,жалаң баспын,өлерше болдым.

   Шал жетімді аяйды,әйтсе де қолынан келер қайран жоқ,өзінің аяғында жыртық шақай.Әрі-бері ойланып,қалтасындағы сыбызғыны алып,бозбалаға ұсынады.

  -Осыдан басқа берерім жоқ,-дейді шал.Бірақ бұл жай сыбызғы емес,сиқырлы сыбызғы.Әйтеуір бір күні пайдасы тиер.Бұл сыбызғыны үрлесең болды,естіген жұрт билеп кетеді.Осыларды айтады да,әлгә шал ғайып болады.
+2 дауыс
Бұл ертегінің соңы дұрыс емес сияқты.Одан да жаңағы сыбызғы емші болсын.Кез-келген ауруды емдейтін.Бір күні ханның қызы ауырып қалып,емшілерді жинайды.Бозбала соны емдеуге барады,қыз құлан-таза айығады.Хан жігітке қызын береді.Хан өлген соң,бозбала орнына хан болады.Дәл осы сәтте сиқырлы сыбызғы кенеттен жоқ болып кетеді.

Ұнаса ЖЖ таңдарсыз.
0 дауыс
Көп балалар болыпты. Олардың ата-анасы болған.Тек бір балада болмапты.
0 дауыс
Жетім бала мен ақынның диалогын болады ма? Бүгінге керек еді
...