+2 дауыс
623 көрілді
жетімін жылатпаған халық едік.қазіргі уақытта шет елдің азаматтарына бойында қазақ қаны бар,қазақтың қара домалақ балаларын сеніп тапсырып жатыр.олардың болашақ өміріне,шет елдегі жағдайына қаншалықты көңіл бөлініп жатыр деп ойлайсыздар?тағы бір сұрақ тарихтан белгілі-Бейбарыс сұлтанда қазақ елінен сонау Мысырға құл болып барып сұлтан болған.шет елге кеткен балдардың осылай жоғарғы жақтан көрінуіне қаншалықты мүмкіншіліктері бар деп ойлайсыздар?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә олардың шет елдегі жағдайлары не боп жатыр оны бір құдайым білер! Осының бәрі біздің еліміздің заңдарының тым әлсіз екендігінде. Заң бойынша шет елдіктерге бала асырап алуға шек қойылмаған. Ал олар балаларды не мақсатпен асырап алады кім біледі? Және саны аз қазақты онсызда шетке беріп жатсақ неміз қалды. Шығыстан қытайлар қыздарымызға көз сала бастапты! Сонымен демографиялық жағдайымызға қауіп төнбейме? Биліктегі басшылар осыны ескерсе екен!!! Ал екінші сұраққа былай жауап берер едім: Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
+2 дауыс
Кiмнiң қорғаны жоқ болса қолында билiк бар адам соны барынша жаншиды. Менде балалар үйiнде өстiм. Мен өз отанымда жүргенiмдi ойлап өзiмдi бақытты сезiнемiн. Мен шетелге асыранды болып кеткенде қазiр жағдайым қандай болатынын бiлмеймiнғо. Шетелге сәби берудi тоқтату керек. Бұл жерде маңызды мәселе елiмiздегi халықтың саны азайып қалады деп қорқуда емес, өз өзiн қорғай алмайтын дәрменсiздiгiн пайдаланып оның тағдырының тас талқанын шығаруында.Есiн бiлмей, ештеңенi айырып бiлмей тұрған сәби кезiнде өз отанынан айыруға себепкер адам- күнәhар. Сол саясатты жүргiзген адам менiң өмiрлiк қас жауым. Сол басшының қателiгiн бiле тұра оның қатесiн бетiне айтудың орнына жағымпазданып сөзiн қолдап жүргендердiң бәрi күнәhарлар. Отанын сүймейтiндердi мандатынан айырып, қызметiнен кетiру керек.
...