+1 дауыс
1.1k көрілді
Сәлем достар! Қазір ҰБТ ға қандай өзгерістер енгізді? Келесі жылы биылғыдан да күрделі болады ма екен? Осы жағы мені қатты үрейлендіреді. Бар білгендерімізбен бөлісе отырайық!)
Сұрақтың жабылу себебі: көп рақмет!))

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (төраға - Серік Әзтайұлы Ырсалиев) 2012 жылғы 1 ақпанда №64 мектеп-лицей базасында биылғы жылғы  ҰБТ-ны өткізу жөнінде Астана қаласы мектеп басшылары, мұғалімдер және ата-аналармен ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын өткізді. Семинарға ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар төрағалары (Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) шақырылды.
Кездесуде ҰБТ жөнінде Жалпы ережелері, мақсаты және міндеттері, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуі туралы түсіндірме берілді.
    ҰБТ қатысу жайында арыздарды қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Тестілеу 1-15 маусым аралығында ҰБ ТӨП-е жүргізіледі. Әрбір пән бойынша тесттік тапсырмалар 25 сұрақтан келеді.
ҰБТ жүргізуге 3,5 астрономиялық сағат беріледі (210 минут). ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. ҰБТ кезінде аудиторияға тек Министрліктің өкілі немесе міндетті түрде Министрлік өкілінің алып жүруімен мемлекеттік комиссияның өкілі кіреді.
2012 жылға ҰБТ технологиясының өзгерістері:
-Барлық  ҰБ ТӨП-е бейне бақылау және темір іздеу құрылғысы орнатылады, ұялы телефондары сөндіріледі;
-Әр ҰБ ТӨП аудитория сандары қысқартылады.
-Кейбір  ҰБ ТӨП тұрғын алабтарына жақын типтік білім ұйымдарына ауыстырылады.
-Ауылдық  ҰБ ТӨП дәліздері бойынша кезекшілер мен аудитория кезекшілері бойынша институт қысқартылады.
-мемлекеттік комиссия  мүшелерінің саны 5 дейін қысқартылады.
Жергілікті  Білім саласындағы бақылау департаменттерінің құруына байланысты ҰБТ-ны  ұйымдастыру жаңалықтары:
Білім саласын бақылау бойынша жергілікті департаменттің қызметкерлері:
-ҰБТ- «бұзушылар» бекеттерінде ерекше тікелей бақылауды жүзеге асырады.
-ҰБТ жүргізу технологияларын бұзушылықты анықтайды және жедел түрде жояды.
+2 дауыс
сәлем!!!Былтырғыға қарағанда биыл талап расындада күшейіп жатыр.былтыр проходной 50болатын а  биыл 60 қа көтеріп жатыр келесі жылы кім білсін не боларын?!және де камера орнатылды, сеть айырылады, кірерде аппаратпен тексереді деп жатыр!Атырауда осындай жағдай, басқа қалаларда білмедім не болып жатқанын.менде биылғы қорқып, қобалжып жүргендердің бірімін!бұйырса аман есен өткесін қандай жағдай болғанын жасырмай айтып берермін zhansi!биыл қалай болады келесі жылыда дәл осылай болады деген сөз.
Айтқаның келсін !сағанда рахмет!!!
проходной 50 балл, ұлттық универлерге 70 баллдан жоғары.
әйтеуір, ент жайлы түс көрмейсің ба? мен бір түрлі сезімде боламын, аз уақыттан кейін сыныптастарым әр жаққа кетеді, бауыр басып қалып едік.

Атырау - әдемі қала.
иә!менде кеше ғана естідім  проходнойдың баллы түскенін!соны естіп аздап болсада қуанып жатырм))оййй түстің түрін көріп жатырққо))шынымды айтсам көөөп түсімде ент дан құлаап қалыппын!!!өңімде керсінше болатын шығар деп сабырға шақырып жүрмін өзімді!бәрімізде солғоооо кимастық сезім))қайтеміз енді)))??
иа естіп жатырм...
биыл  қиын болады дейді, сен осы жылы тапсырмайсың ғо . 15-те, значит әлі бөпесін)дайындала бер!
айтпа дим)) рахмет рахмет дайындалып жатырм!!!
oi byil jaman bold dostar,komissialar katal,talai okuwi jumistari joyilip wgp ketti sotka ustagani uwin
...