Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (төраға - Серік Әзтайұлы Ырсалиев) 2012 жылғы 1 ақпанда №64 мектеп-лицей базасында биылғы жылғы ҰБТ-ны өткізу жөнінде Астана қаласы мектеп басшылары, мұғалімдер және ата-аналармен ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын өткізді. Семинарға ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялар төрағалары (Л.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) шақырылды.
Кездесуде ҰБТ жөнінде Жалпы ережелері, мақсаты және міндеттері, нормативтік құжаттармен қамтамасыз етуі туралы түсіндірме берілді.
ҰБТ қатысу жайында арыздарды қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Тестілеу 1-15 маусым аралығында ҰБ ТӨП-е жүргізіледі. Әрбір пән бойынша тесттік тапсырмалар 25 сұрақтан келеді.
ҰБТ жүргізуге 3,5 астрономиялық сағат беріледі (210 минут). ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. ҰБТ кезінде аудиторияға тек Министрліктің өкілі немесе міндетті түрде Министрлік өкілінің алып жүруімен мемлекеттік комиссияның өкілі кіреді.
2012 жылға ҰБТ технологиясының өзгерістері:
-Барлық ҰБ ТӨП-е бейне бақылау және темір іздеу құрылғысы орнатылады, ұялы телефондары сөндіріледі;
-Әр ҰБ ТӨП аудитория сандары қысқартылады.
-Кейбір ҰБ ТӨП тұрғын алабтарына жақын типтік білім ұйымдарына ауыстырылады.
-Ауылдық ҰБ ТӨП дәліздері бойынша кезекшілер мен аудитория кезекшілері бойынша институт қысқартылады.
-мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны 5 дейін қысқартылады.
Жергілікті Білім саласындағы бақылау департаменттерінің құруына байланысты ҰБТ-ны ұйымдастыру жаңалықтары:
Білім саласын бақылау бойынша жергілікті департаменттің қызметкерлері:
-ҰБТ- «бұзушылар» бекеттерінде ерекше тікелей бақылауды жүзеге асырады.
-ҰБТ жүргізу технологияларын бұзушылықты анықтайды және жедел түрде жояды.