0 дауыс
1.0k көрілді
ҰБТ 2015 жылы қандай өзгерістер болады?!

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

2015 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі 2 кезеңге бөлінбек. Яғни, талапкер алдымен аттестация алу үшін бітіру емтиханын тапсыруы керек. Ал Жоғарғы оқу орнына түсу үшін бөлек сынақтан өтетін болды. Әрі екеуі де автоматтандырылған компьютерлік әдіспен жүргізілмекші. Жалпы нобайы жасалғанымен, әзірге жоба құрастырылу үстінде. Ал оған дейін ҰБТ әдеттегі қалыппен өтпек. Биыл маусымның 1-нен 15-не дейін жалғасады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Жалпы биыл ел бойынша 143 мыңнан астам түлек партамен қош айтысса, соның 99 563-і Ұлттық бірыңғай тестке қатыспақ. Сынақ құрылымына келер болсақ, Ұлттық тест орталығы ешбір ерекше өзгерістің болмайтынын айтады. Әдеттегідей 4 міндетті және 1 таңдаулы пән бойынша 125 сұраққа біріледі. 70-тен жоғары жинағандар оқуға түсуге мүмкіндік алады. Ал емтихан мерзімі маусымның 1 мен 15 аралағында өтпек.
Нұрмахан Әуесбекұлы, Ұлттық тест орталығы Алматы қалалық бөлімінің директоры:
- Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі биыл 10-шы рет өткізіліп отыр. Өткен жылғы форматтан ешбір айырмашылығы жоқ. Сол әдіспен өткізіледі.
Өзгеріс тек қойылар сұрақтарда болуы мүмкін. Дей тұрғанымен ең бастысы- сынақтың талапкер үшін сәтті өтуін тілейік. Әйтпесе, былтыр тестке қатысқан 121 мың оқушының 43 мыңы сүрініп, білімінің төмен екенін көрсеткен.
Бірақ бәрінен де былтырғы тест мына шулы жайтпен ел есінде қалған еді. Астанада өткен сынақтың бірінде полиция қыздардың іш киіміне дейін қол сұққан-ды. Кейін министр мұндай әдетсіз қылық көрсетілген үшін көпшіліктен кешірім де сұрады. Егер осындай оғаш оқиға тағы тіркеліп қалмаса, 2013 жылғы бірыңғай ұлттық тестілеу биыл әдеттегі қалпымен өтпек.
Бірақ 2015 жылдан бастап барлығы өзгермек. Себебі Білім министрлігі жаңа бағдарламаны енгізгелі жатыр. Оған сәйкес әрбір оқушы алдымен аттестация алу үшін, одан кейін ЖОО-на түсу үшін бөлек-бөлек тест тапсыратын болады. Әрі барлығы да автоматтандырылған компьютердің көмегімен.

Мына жерді көріңіз: https://surak.baribar.kz/315211/

Рахмет!:)

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
14 жауап
0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
7 жауап
...