0 дауыс
4.0k көрілді
саляфиттер  жайлы білгім келеді. олар кимдер. қазіргі өздерін саляфпыз деп жургендері дұрыспа?

3 жауап

0 дауыс
Интернетте олар жайлы өте көп мәлімет табуға болады, өзім кездестірген көп жерде оларды адасқан топ деп айтады.
0 дауыс
Саляфиттер дегеніміз оларда мұсылмандар! АЛЛАХҚА сенiп иман етушілер. Пайғамдардың сүннетін қатты ұстанады. Пайғамбарымыздың сүннетін қатты ұстану бұл заманға сәйкес келмейді. Себебі басқа намаз оқымайтын мұсылмандар түсіне алмайды. Жәнеде сонымен қатар олар құрандағы аяттардың өзіне ұнағанын ғана алады. Мысалы, бұрынғы кезде құранда араққа тыйым салынды деген аят түскен жоқ түгін, ал қазір ол аят бар. Олар ішiмдік ішкісі келсе, кейін түскен аятты жоққа шығарып алдыңғы аятты алады. Тағыда оларды УАХАБИСТЕР депте атайды.
Бауырым, "Пайғамбарымыздың сүннетін қатты ұстану бұл заманға сәйкес келмейді." дейсің, алайда сүннеттің не екенін өзің біраз болса да қарап көрдің бе? Не себепті қазірге тура келмейді? "Намаз оқымайтын мұсылмандар" деп бөліне ма мұсылмандар? "бұрынғы кезде құранда араққа тыйым салынды деген аят түскен жоқ түгін, ал қазір ол аят бар." дегенсін, бүкіл Құран айаттары сол 23 жыл ішінде түскен, тек қана сол екі аяттың түсу уақыттары сол 23 жыл ішінде еді, ол бұрында жоқ нәрсе қазір қосылды деген сөз емес. Сәләфиттерді де жақсы білмейтінге ұқсайсын, олар ішкілік ішпейді. Олар тек білгілі мәселелерде адасқан.
иа айтып отырғаныңыз дұрыс. Сіз мені дұрыс түсінбеген секілдісіз. Ол аят бұрын болған жоқ, ал қазір бар дегенде оны жақында түсірілген дегенім жоқ. Кейіннен түсірілген аят, яғни пайғамбарымыздың кезінде. Ал сүннетке келер болсақ ол пайғамбарымыздың істеген амалдары. Намаз оқымайтын мұсылмандар дегенім яғни кәпірлер я кәпірді кәпір деген адамның өзіде кәпір емеспе.
"Намаз оқымайтын мұсылмандар дегенім яғни кәпірлер..." - бұл сөзде де қателік бар, «кәлима-и шәһадатты», яғни «Әшхәду ән лә иләха илла Аллаһ уә әшхәду әнна Мұхаммадан расулаллаһ» сөзін айтқан барлық адам мұсылман болып есептеледі.
Аллаһу  'алам
0 дауыс
Аллаһтың атымен.
Аллаһ елшісіне алейһиссалаату уа салам: *"адамдардың ішіндегі ең жақсылары менің замандастарым, сосын одан кейінгілер, сосын одан кейінгілер"*-деп айтқан. Бұл хадисте 3 түрлі ұрпақ (поколение) туралы айтылуда, ғалымдар олады 3 түрлі атпен атады бірінші сахабалар(Абу Бакр,Умар,Али)  екінші олардан кейінгілер табиғиндар(Абу Ханифа) үшінші олардан кейінгілер сәләфтар(Имам Малик,имам Шафиғи). Уақыты жағынан бізге ең жақыны сәләфтар екенін байқап отырған шығарсыз. Сондықтан барлық Ислам ғұламалары сәләфтардың жолымен жүру керек деп айтты. Бірақ сәләфитпіз деп жариялау қажет емес. Бір ғалымның сөзін айтайын:
Бір адам сәләфтардың жолымен жүруі мүмкін бірақ өзінң сәләфит екенін білмеуі мүмкін, ал бір адам өзін сәләфитпін деп жариялауы мүмкін бірақ сәләфтардың жолынан алыс болуы мүмкін.
Аллаһ жақсырақ біледі.
Ассалаумағаллейкум бауырлар. Бізге ең керегі білім алу ғой. Ал қалғаны Алла қаласа барі жақсы болады.

Ұқсас сұрақтар

...