0 дауыс
601 көрілді
Немесе дүмше атеисттің арнайы іздеп оқығаны, көргені және естігенінен шығарған дөрекі әрі бейтарап қорытындысы.

Орта Азия әлмисақтан Арабтар мен Парсылар, Қытайлар, кейін Моңғолдар мен Орыстардың саяси таласының аренасы болған.

Парсылар Орта Азия жеріне ентелеуін бірінші бастаған. Ертеректе.
Ал Қытайлар бұл жерге экспансиясын Талас түбіндегі Арабтармен болған соғыста тоқтатқан.
Арабтар да сол кезде доғарған шамамен. Кейін білгеніміздей, уақытша доғарған.
Моңғол шапқыншылығы да біразын кері қайтарғанымен, миссионерлердің қауіп көрмеген Шыңғыс тұқымдары діни ықпалға түскен.

Ал діни экспансияны, ол кезде, ендігәрі Араб астында қалып, исламданған парсылар мен алғашқы жорықтардан қалып қойған араб диаспоралары жүргізді.
Моғол Мемлекеті сол үшеудің гибриді болды.
Моңғол қаны, араб діні, парсы философиясы бірігіп,
Гибрид соғыс тәсілін дүниеге әкелді. Моңғолша сыртқы саясат пен елдердегі ішкі қайшылықтарды өршітуге негізделген дипломатия, арабша идеологиялық-діни атака, парсыша стильдегі фәлсафа, өнер, поэзия және архитектура. Түркілер, Индустар мен Пуштулар тілін сақтағанына мәз болды.
Бірақ Солтүстік Орта Азияда бұл аласапыранның жаңғырығы ғана естілді. Және ықпал көбіне Моңғол тұқымдарынан болды.

Оның дәлелі, шариғаттан бұрын,
Жеріміздің солтүстігіне таяу, халықтың дау-мәселелерін шешуде
Шыңғыс Ханнан қалған дала заңдарына негізделіп жасалған Жеті Жарғының басымдығы.
Орыс Үкіметі күшейе түсіп, басты бәсекелесі Моңғолдар мен олардың қалдықтары төрелердің билігі арасында теке-тірес кезінде, араб, парсы миссионерлігі қайта жанданды.
Суфистердің ағылуы, Орыс патшалығына қарсы ұлт-азаттық күрес ұранымен қатар көлеңкесінде джихадисттердің де жүруі соның дәлелі.
Он сегізінші ғасырда, Кенесары кезінде өмір сүрген біраз Ишандар, әулие, әнбиелердің кейбірі жайлы "Ғазауат соғысына қатысқан" деген қауесет жеткен кешегі аталарымыздың естіген сөзім.
Бұл қалай болды?
18 ғасырда қазақ жерінде ненің ғазауаты? - десем, Ресей экспансиясына жергілікті халықтың ашынуын пайдалану, және екі қойы бір сом боп жүрген бұратана халыққа қосымша жігер беру үшін Рұм мен Араб халифаты текетіресінде шыңдалған "Ғазауат" идеясын мұнда да насихаттап, ұлт үшін ғана емес, дін үшін соғыс екенін насихаттау қарқынды жүргеніне көзім жетті.
"Бөліп ал да билей бер"-ді үш жүзге жүргізіп, ұлтшылдықты шайқау оңайға соққанымен, дін факторын әлсірету үшін, ғазауатты тұншықтыру үшін
Ресей шұғыл арада, өз бақылауына өткен Орта Азия мекендеріне, әсіресе қазақтарға Уфа, Қазан қалаларында арнайы оқытылған уездной про-Ресейлік молдаларды жібереді. Осылайша "жаппай сауат ашу" (ол кезде діннен және арапша жазудан тек ақсүйектер хабардар болатын) мақсатында про-Ресейлік молдалар, бүкіл қазақтың басым бөлігін Ханафи мазхабтандырады.
Сопылық дегенмен оңтүстікте жергілікті сенім наныммен етене араласып, сіңісіп жатты.
Бұл текетірестер мен саяси әрекеттер 19 ғасырда әсіресе жалғасты
1985 жылы Бөгөнде туған және арапша сабақ үйреткен уездной молданы тезек атып қуған атам куә оған.
Әрі қарай Кеңес үкіметі келіп. Біраз тыйылды бұл ойындар.
Егемендік алып, перде сыпырылғанда араптарша Хорасан жеріне, яки Түркістанға (қала емес, Тұран жазықтығы сөз болуда)
тек Кока Кола мен Макдональдс ғана емес, баяғы претендентер
қайта көз тікті.
Орыс тоқырауда.
Қазақ емшектен айрылған баладай, өздігінше жүріп үйрене алмай әлек болуда.
Османдардың әлсірегенін пайдаланып, егемендік алып, 19 ғасырда күшейіп алған, ал 20 ғасырда мұнай ордасына айналып, империалистік арманы қайта оянған Саудиттер баяғы әніне қайта басты, дәлірегі жергілікті державалар әлемдік державаға айналу үшін миссионерлікке ақша құю, халифатты жаңғырту және жер жердегі исламистік топтарға көмек беруді бастады.
Ол олдай, сонау Таласта араптан таяқ жегелі, біресе Жоңғар, біресе ұйғыр, біресе Ресей кедергі болып бері қарай аяқ аттап баспаған Қытай дәмесі де оянды. Жоңғар мен Ұйғырдың шаруасы бір жақты, Ресейдің де как бы енді таласы жоқтай.
Хитрый Нұрсұлтан, дереу Орыс тілін ресми тіл етті де, Орыспен байланыс үзілмегенін көрсетіп, Қытайды тағы тыйды. Өліараны пайдаланып, шекараны қағаз жүзінде бекітіп алды.
Қытай атып ала алмаған жерді сатып алуға қауқары бар әл де.
Бірақ ол бөлек әңгіме.
Ал сопылық бұл мекенде көлеңкеде жатса да, аттандамаса да, ошағын өшірмей келді. Әрине, ол да коммунистер кетісімен, 90 жж. бастап жанданды. Тек қарқыны мен қаржысы Саудтардыкіндей болмады. Олардың бәс тіккені регионализм.
Ұлттық құндылықтарымызбен салыстырмалы түрде тұрақты сабақтастығы.
Себебі, әруаққа қазақ кешегі Кеңестік атеизм кезінде де сенуін доғармаған.
Қорыта айтарым,
Эгоизм емі - әулетшілдік, әулетшілдік емі - рушылдық, рушылдық емі - ұлтшылдық, ұлтшылдық емі - расизм, расизм емі - діншілдік, діншілдік емі - жоқ, атеизм емес. Жалаң атеизм де, жүректегі жеккөру отын өшірмей алысқа апармайды.
Әйтпесе, таптық күрестен өл не, діни не ұлтараздық қақтығыстан өл не,
Актив-Билайн болып қақ жарылып атысып, Алтелдың ғимаратына Қара-сары ту тігіп жатып, корпоративті майданда ерлікпен қаза бол не, бір өлім ғой.
Түбі жеккөруден туған өлім.
Енді не емі?!
Адамшылдық дер едім маған салса.
Көтінен тепсе, тағы сұрайтын пацифистпын дей алмаймын. Мемлекетшілмін.
Алайда, "Адамзаттың бәрін сүй - "бауырым" деп" деген еді бір батыстан да шығыстан да озық ойды сіңіре білген әзиз тұлға.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...