+1 дауыс
Кім фортепианода ойнай алады?оңайма?Қатты қызығам,бірақ толық білмеймін(((
01.04.2012 845 қаралым

4 жауап

0 дауыс
мен алдын 2 жыл қатыстым. Оңайына оңай, игере білу керек, бірақ бәрі есімнен шығып кетіпті.
01.04.2012
0 дауыс
*Менде пионино ойнауға қатты қызығатынмын...үйренгім-ақ келді...бірақ( бірақ пионино үйрететін үйірме жоқ... содан қызығушылығым да,біртіндеп басылды... қазір тек, пиониномен ойналған әндерді сүйсіне тыңдаймын(*
Пианино (итал. pіаnіnо  — жайлап ойнау немесе кішкене фортепьяно) — дека, механика және шектері тігінен орналасқан фортепьяноның бір түрі екен). Қазақ музыкатануында бейресми түрде — “күйсандық” деп те аталады. Пианиноны алғаш жасаған америкалық Дж.Хокинс (1800) екен. Кейін аспап шеберлерінің бірнеше өңдеуінен өткен Пианиноның осы заманғы түрі (шойын қақпа, тоғыспалы шектер, механика, дыбыс аралығы 7 октава) қалыптасты. Пианино рояльға қарағанда жинақы, сандық сияқты. Жіңішке, жуан шектері қақпағы жабық сандықтың ішінде керіліп, дауысы біркелкі ұяң естіледі. Пианино үй жағдайында ойнауға ыңғайлы. Концерттерде “соло” ойнауға дыбысы қаттырақ, клавиатуралық диапазоны Пианиноға қарағанда кеңірек рояль пайдаланылады. Дегенмен ойнау техникасы екеуінде бірдей... пионино сөзінің мағынасы айтып тұрғандай,жайлап ойнау...яғни оныойнап үйренуде оңай шығар бәлкім)Егер сіз ойнап үйренгелі жүрсеңіз)Сізге сәттілік))
01.04.2012
0 дауыс
Менің үйімде фортепиано бар еді. Мен оны үйренгім келіп,интернеттен көп видеолар көрдім,сөйттімде үйреніп кеттім. Каз мен Нокианың музыкасын(handshake),Элизени,Миллион алых роз-ды,Кока-коланың музыкасын тарта аламын !(y)
01.04.2012
Интернеттен үйренсеңіз болады ! Тез үйренесіз, үйренсеңіз өзіңізге оңай болады !
0 дауыс
3 жыл қатыстым,нотаны игеріп кетсеніз аса қиын емес.
02.04.2012
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы