0 дауыс
670 көрілді
Таможное дело мамандыгын битирип шыкканнан кейын кандай жерлерде жумыс жасай аламын?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Кеден ісі мамандығын бітіргендер мына салаларда жұмыс істей алады:

1. кеден, қаржы, салық органдары жүйесінде;

2. сәйкес министрліктер мен ведомостволарда;

3. облыстық және қалалық әкімшіліктерде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын мекемелер мен фирмаларда;

4. брокерлік конторларда.

Кеден ісі мамандығының түлегі бастапқы жоғарғы дайындықтан өту арқылы кеден саласы бойынша, сонымен қатар, экономикалық, басқару-ұйымдастырушылық, құқықтық, эксперттік-аналитикалық, зерттеу, құқық қорғау салаларында жұмыс жасай алады.
+3 дауыс
Кеден ісі мамандығын бітіріп шыққан азаматтар тікелей кеден органдарында, шекара арқылы жүк және тауарларды тасымалдау жөнінде кеңесші ретінде жұмыс жасай алады. Сондай-ақ, бұл мамандықтағы ең танымал қызметтер – декларант, кеден инспекторы, кеден ісі бойынша менеджер, сыртқы істер бойынша сарапшы, кедендік рәсімдеу маманы, кеден брокері, кедендік тасымалдаушы.
...