+3 дауыс
403 көрілді
Қазақ тілін дамыту үшін не істеу керек?

10 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Орыс тілі ресми тіл деген заңды алып тастау керек! Тілімізді шұбарламай таза сөйлеуіміз керек! Басқа ұлт өкілдерінің қазақша үйренуіне жағдайлар жасауымыз керек! Ал егер олар үйренуге құлық танытпайтындай болса, күштеп үйрету туралы заң енгізу керек! Бес қазақ, бір орыс отырып орысша сөйлейтін әдеттен арылуымыз керек!
+1 дауыс
Ол үшін еліміздегі басқа ұлт өкілдеріне біз олардың тілінде сөйлемей,керісінше олар біздің тілде сөйлеуі қажет ! Орыс мектептері емес Қазақ мектептеріне қаражат бөлініп дамыту керек!
+2 дауыс
kz_aidar мен толықтай келісемін. Қосарым; ең біріншіден жоғарыда ат тізгінін ұстап отырған зиялы қауымдардан бастау керек деп ойлаймын. Жиналыс, жиындарды тек мемлекеттік тіл қазақ тілінде өткізу керек.  Құттықту сөздерін қазақша айту керек. Наурызда көбісі құттықтау сөздерін орыс тілінде жеткізді. Ондайды тоқтатып қазақ тілінде сөйлеуге міндеттеу керек.
+1 дауыс
Ең алдымен осы бастаған бастамамыз бар ғой жұмысқа кірген әр азамат ,не азаматша қазақ тілін толық меңгеру керек деген сол бастаманы қатаң түде қолға алу қажет!кзӨайдармен толықтай келісемін!
+2 дауыс
Ең бірінші билік басындағылар қазақша сөйлеуі тиіс.Сонда ғана барлығы қазақша сөйлейді
0 дауыс
Бұл енді пікірталасатын сайт емес-ау.Атынан белгілі *Сұрақ-Жауап* сайты!
сонымен?!
Белгісіз
+1 дауыс
айтыпсыңдар мынаны оқығанда Қарасақалдың айтқаны есім түсіп кетті #дамбалыңды шешіп алып жалаң бұт жүгір, сосын отырып алып зарла, болмаса жыла# дегені заңын өзгертсеңде қай орыстың аузын бағып, тілін күрмелтіп отырамыз болмайтын іс болды.
+2 дауыс
Меніңше, қай жерде болса  да қазақша сөйлей бер.Дүкенде орысша сөйлеп жатыр ма?Қазақша сөйлес.Саған біреу орысша сөйлеп жатыр ма?Қазақша жауап бер.
Сосын, қазақша терминдер бірізділендіру керек деп ойлаймын.Қазақша терминдердің дамуы үшін Termin.kz сайтына да үлес қосып жазуға да болады.
Уақытыңыз болса, kk.wikipedia.org  сайтына қазақша интернет- энциклопедияның дамуына үлес қосыңыз.
+1 дауыс
Ұлтжандылықты насихаттау керек.
+1 дауыс
Әр ел үшін ең маңыздысы - тіл.
Кез-келген мемлекетті соғыссыз жаулап алуға болады:
1. тіл арқылы
2. діл арқылы
3. дін арқылы

Тіліңді жоғалтсаң, діліңді жоғалтсаң,
Жоғалтасың, жоғалтасың БӘРІН!!!
М. Шаханов.
Тілі жоғалған халықтың өзіде жоғалады.
                                     *Ахмет Байтұрсынұлы*
Ұқсас айтқан екен мына екі тұлға.
Иә, өте дұрыс айтыпты:)
...