+3 дауыс
507 көрілді
"Мұғалімдер мектепте білім беруденгөрі... пара беруге үйретеді екен" деген көзқарасты қолдайсызба?

8 жауап

+1 дауыс
карсымын! өйткені мұғалімдер айлыгы жылдан жылга өсу үстінде!!!
+1 дауыс

 мүлдем қарсымын!!! Мен мектепте оқушылардан ақша жиналғанына өте қарсымын.

Өй бүй, шайлығына жетпейтін жалақыны көп көресіз!
+2 дауыс
Әлбетте, ақылы ақсақ болмаса, пара беру мен пара алудың жамандығын әркімнің білері анық. Бірақ айлығы шайлығына жетпейтіндер қаншама?! Мысалы, мен танитын бір мұғалімнің жалақысы - 13 мың теңге. Міне, пара алуға мәжбүрліктен баратын болар олар да...
+1 дауыс
Мектепте мұндай басссыздыққа жол берілсе, одан ары қарай не болмақ?
0 дауыс
Жұма баурым!  Мектепте мұғалім ешқашан өз қалтасына салу үшін оқушыдан ақша жинамайды. Бұл есіңде болсын!

Мұғалім оқушыдан қандай жағдайда ақша жинайды: 1.  Қай класс қандай кабинетте оқиды соған жыл соңында ремонт жасайды соған;

2. Класта бор, тақта сүртетін шүберек, клас жуатын шелек трапке т.б. қоқыр соқырға;

3. Қалаға әртіссымақтар, тетрларда прьемера болса;

4. Кино театрларда жаңа кинолар болса класта 30 бала болса 30 да барады деп ; т.б...............

толып жатқан ақша жинаулар бар. Оны мұғалім еріккеннен жинамайды. Ол жоғары жақтың нұсқауымен жиналады.....

Түсінікті болар деген ойдамын, жалпы көпшілік арасында көп айтылатын тақырып. Тек мұғалімдерге сілтей салу дұрыс емес, ол біржақты пікір.

1.Біздің сыныпта мұғалім бор, тақты сүртетін шүберекпен жұмысы жоқ. Оны сыныптағы кезекші адам әкеледі.

2.Қалаға әртіссымақтар, кино немесе спектакльдер болса, оған бару-бармау өз еркімізде. Бармасақ  та бармасақ та ақшаны береміз. Ал, басқа мектептер олай істемегендігін айтады.

3.Бізден  анаған-мынаған деп жинаған ақшаны өз қалтасына салғанды көрегенбіз. Кейіннен сол  ақша қайда деп сұрағанымызда жауап бермеген, аузына сөз түспей қалған.

Ал, сыныптың еденін тегін жуған күнде де, бізден коридорға плакат сияқты бірдеңелер ілмекші  деп ақша жинайды.  Бірақ, айтқан нәрсесінің бірі де жоқ.

Мұғалімдердің айлығының аз екендігіне біз кінәлі емеспіз ғой! Жарайды, айлығы жетпейді делік, бірақ, басқа  адамдар да біреуден ақша жинамай-ақ күнелтіп жүр ғой.   

AZATKAZAN өзіңіз мұғалім емессіз бе?

1.Біздің сыныпта мұғалім бор, тақты сүртетін шүберекпен жұмысы жоқ. Оны сыныптағы кезекші адам әкеледі.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Кезекші бала сыныпқа бор әкелуге міндетті емес. Расымен бор анау шүберек үшін жинайтыны рас!

Онымен қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті.

2.Қалаға әртіссымақтар, кино немесе спектакльдер болса, оған бару-бармау өз еркімізде. Бармасақ та бармасақ та ақшаны береміз.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Оны мұғалім емес жоғарыда айқанымдай әкімшілік немесе т.б. жинатады. Өйткені келген әнші бишілерден мәдениет үйінің залы толмай қалса ұят болады. Не сол әншілер анау залды жалдайды белгілі сомаға есесіне мәдениет басқармасы залды толтырып береміз деп уәде береді. Сосын уәдеге тұру керек болады. Ал, олардың концертіне ешкім бармайды. Ақыры оқушы мұғалім, студенттің қаныны ішеді.

3.Бізден анаған-мынаған деп жинаған ақшаны өз қалтасына салғанды көрегенбіз.

-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Ондай жағдайдан құдай сақтасын. Төбесі тесік болмаса. Мүмкін қателескен шығарсыз.

Иә мұғаліммін!

Сіз басқа адамсыз, ал, басқа мұғалімдер бөлек тұлға ғой. Сіз білмейсіз ғой басқа адамдардың ойында не  бар екенін. Мен өтірік айтпаймын, өтірік нәрсені жазып, баршаға жайып жүретін адам емеспін. 

Мұғалімдерді жақтаңыз "Кемедегінің жаны бір" дегендей, бірақ,  басқалардың да пікіріне назар аударып, басқалармен де санаса білген жөн емес пе?

+1 дауыс
дұрыс, ақша сұрасын десен я, оқушыларда ненің ақшасы болушы еді, ол барып ата-анасынан сұрайды да, ал әрі қарай солардың мойнында ғой, еще мектепке не жоқ, универ, колл болса бір сара.... мектепте пробный тестке майда шүйдаға жинамаса мұғалімге прям пара ретінде ақша бергенді алғаш естуім...
0 дауыс

Мектеп мұғалімдерінің оқушылардан ақша талап етуіне деген көзқарасыңыз?

-----------------------------

Сұраққа жауап беріңіздер!  Бір жақты пікірден арылу керек!

+1 дауыс
Балық басынан... Оның барлығына оқытушы да оқушы да кінәлі емес. Айтылған қажеттіліктердің барлығына бөлінген қаражат дұрыс үлестірілген болса, бұл мәселелер туындамаушы еді.
...