Кітап, Әдебиет | 14.2k қаралды
14.2k қаралды
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері керек еді?

9 жауап

Мен сені сағынғанда,
 Қарамай жауындарға, дауылдарга,
 Қарсы қарап жүземін ағындарға,
 Кеудемде қимылдаған жаным барда,
 Мен сені сағынғанда,
 Бір минут та қақым жоқ дамылдарға.
 Мен сені қызғанамын,
 Қызғаныштан мұз шайнап,
 Тұз жаладым.
 Шаңқылдап алдымнан шық,
 Ана-қыран,
 Алыстан келеді ұшып мұзбалағың.
 Тәкаппар ең, өрлікке бола туған,
 Жет тездеп,
 Дауыл тұрғыз қанатыңнан.
 Сен – мендік, мен – сендікпін, ана-қыран,
 Қыранбыз, қырандардан жаратылған!
 Сағыныштың сағымын жамылғанда,
 Қарамай қара нөсер қағынғанға,
 Саған ұшам,
 Қалмайды сабыр жанда,
 Мен сені сағынғанда, сағынғанда…




- - - - - - - - - -- - -

Ғашықпын!
Шын ғашықпын сол адамға!
Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?
О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!
Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын.
Қайтіп оны жасыра алам,
Бір алтын оның әр тал шашы маған.
Сағынайын, таусыла сағынайын,
Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,
Ақ қанат құсым менің, кеткенің бе?
Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,
Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?
Сарғайған сағынышты басып толық,
Бар үміт, бар сенімді шашып болып,
Өтермін сірә да мен бүл өмірден,
Мәңгілік қалармын мен ғашық болып
Жақсы Жауап
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_frontpage&Itemid=1 Осы жерден қарасаң табасың.
Неге өңкей сағаттар, Дайын сілтемесін жаза салмадын ба?
weaft.com/taxonomy/term/308/all
осы сайтта бар қарап көр
Мен енді саған бармаймын!
Бармаймын дедім бармаймын!
Басқа жолдарды таңдаймын.
Беріпсің маған садақа,
Садақаңды енді алмаймын!
Ақылыңа да көнбеймін,
Айтқаныңа да нанбаймын!
Өлмеймін енді, өлмеймін,
Өзіндік қуаныш бар қайғым.
Мен енді саған бармаймын!
Басқа жолдармен заулаймын,
Басқа аспанда самғаймын
Өзіңе деген жырымды,
Өзгелерге енді арнаймын,
Бармаймын дедім, бармаймын!
Мен саған енді көнбеймін.
Көнбеймін- дағы көрмеймін,
Мен өлсем сен де келмегін,
Сен өлсең мен де келмеймін!
Қаза бер маған көр мейілң,
Бірақ мен әзір өлмеймін!
Жасаған сенің жараңды,
Япыр- ау, қайтіп емдеймін?!
Сертінен тайған сендейдің
Дертінен ұзақ шөлдеймін,
Соңына бірақ ермеймін.
Сенбеймін саған, сенбеймін,
Келмеймін, сені көрмеймін!!!
ай өлеңі крек сізге Мұқағалидің өлеңдеі көп қой
Махаббатым өзімде
Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде,
Білмеймін,сүйдім бе мен,сүймедім бе...
Жастықта жалын атып сүйсем егер ,
Түспес ем дәл мынадай күйге мүлде.

Мен нағыз махаббатты армандаймын,
Оны мен жоғалтып та алғандаймын,
Ақ қаздар арасынан аққуымды
Ажырата білмеген сормаңдаймын.

Өтінем сенен ғафу,асыл жарым,
Көрсетпе тарпаң мінез,тасынбағын.
Сен менен от іздеме,құрмет ізде,
Өртеніп жаңа-жаңа басылғамын.
Күнменен бірге таласып таңда атады
Дүние торі баршаға құшақ ашады
Қаладағы пәтердің терезесін
Ашып қалсам көліктер зулап жатады

Ей көліктер тоқтаңдар мени тыңдаңдар
Ішімде менің тереңнен атқан зындан бар
Қай жаққа зулап барасыңдар асығып
Тыңдаңдар мени жанармай қуйып тұрғандар

Барасың ба мен туған өскен елге
Тежегішті бір басшы өскелеңге
Ей көліктер мені де ала кетіңдер
Баратының бар болса Өскеменге
118,381 сұрақ
305,275 жауап
153,296 пікір
67,637 қолданушы