негізі қыз балалар мен ер балалардың қол берісіп амандасуы дұрыс емес. тарихтан да, дәстүрден де, "Абай жолынан" да қыздардың ер балалармен қол беріп, амандасқаны туралы сәттерді оқыған емеспін. Себебі, қыз балаларға мұсылмандық және қазақы дәстүр тұрғысынан өзінің болашақ жарынан басқа адаммен қол алысуына, иық қағыстырып жақын тұруына болмайды! Тіпті әкесі де, шариғат бойынша қыз бала балиғатқа жеткен соң оның бетінен сүйіп, еркелетпейді. тек маңдайынан ғана ийіскеп қояды. бүгінгі күні бұл қыздар мен балалардың, әпкелер мен ағалардың жас ерекшеліктеріне қарамай, қол алысып, амандасу дәстүрі оңтүстікте қалыптасқан. аздап өзбек дәсүрі енген. жалпылай амандасып, қоя салсаңыз, адамдарды елемеген сияқты көрінеді. Барған бетте қанша адам отыр, танысаңыз, қолдарын алып шықсаңыз, сіз әдепті, сыпайы болып көрінесіз.