Шіркін, табиғат, тілі болса: "Ағаштарды орынсыз кеспеші, қоқысты тастамашы, зиянды қалдықтарды көбейтетін өндірістерден бас тартудың амалын тапшы, ей, ақыл иесі - Адам!" деп айтар еді-ау... Айта алмайды. Айтса да оны тыңдайтын адам ба? Адам - табиғаттың бір бөлшегі. Ал табиғатта күшті әлсізге әлімжеттік қылады. Бұл - заңдылық. Алайда адам баласы басқа табиғат бөлшектерінен ақыл иесі екенімен оқшау тұр ғой. Бүгінгі күрделі мәселе - адамзаттың табиғи ресурстарды қорғауы мен сақтауы хақында емес, өзінен кейінгі келер ұрпаққа ашкөзденбей, бірдеңе қалдыру жайлы ойлануында болып отыр. Сайып келгенде, адам экологиясы - басты мәселе. Қанағат, рақым, талап, еңбек, терең ой - бес асыл істі басшылыққа алудың қажеттілігі тұр-ау күн тәртібінде...