+2 дауыс
42.8k көрілді
Егер мен есірткі жайлы айтар болсам...

Өмір-адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние.Адамның ұзақ,мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы.Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды,қайталанбас,жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін,орны толмас асыл қазынасы.Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі-адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс,ашаршылық,экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер жатады.Осы жағдайлар ішіндегі адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз:шылымқорлық,ішімдік,нашақорлық,есірткі және тағы басқа.

Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді.

«Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке қарай адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», «есірткі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да елімізде салауатты дабыл қағып,әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету-бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс.Денсаулық- бақытты болудың алғы шарты.Адамдар кездескен шақта әуелі бір-бірінен денсаулығы туралы сұрайды және денінің саулығына тілек білдіреді. Бұл-шын мәнінде адам бақытының бастауы. Ішімдік ішу,есірткі заттарды қолдану,темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге, белсенділік танытуына,дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді. Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін факторлар болып табылады.Біздің елімізде балалар мен жастар арасында ішімдік ішу,темекі шегу,есірткі заттарды қолданудың өршуі көкейкесті мәселе болып тұр.

Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, семена эклаты и мака тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.

Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.

Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін ,мінез-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады,нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, ғашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.

Сана –сезімі уланған адамның мінез-құлқы күрт өзгереді.Бұрын момын,тұйық,өтірік айтпайтын адам өзгеріп,өтірік айтады,төбелесуге дайын тұрады.Нашақордың белгісі-қажетті дозасын қабылдаған күні мұрнынан су аға бастайды.Есірткінің қазір көп тараған түрі- героин,ақ ұнтақ зат.Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады,сосын ағзасы тез тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады,буын-буыны сырқырайды.Сөйтіп бара-бара тек ауырмау үшін іздейді.

Есірткі қолданудың себептері

Білімсіздік: есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.

Қызығу: қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады.

Ойын-сауық орындары: дискотека және басқа да ойын сауық орындары «ақ өлім» диірменінің құралдары мен қақпаны болып табылады. Ол жерге кірген адамның диірменнен өту ықтималы өте үлкен болады.

Қысым: жаман достардың қысым жасауы.

Әуестік: бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бір рет немесе екі-ақ рет көрудің өзі адамды қайтпас жолға салуға жеткілікті болады.

Мода: айналасындағыларға еліктеу. Қоршаған ортасы бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы оңай. Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымының есірткіге бейімдігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, мемендік есірткіге итермелейтін негізгі себептер болып табылады.

Дос өте маңызды. Балалар мен жастар жанұядан, мектептен және достарынан әсер алады. Достарының қатарынан қалмау үшін жастар көбінесе достарының қысымына шыдай алмай есірткі қолданады. Осылайша есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы арқылы емес, достары арқылы пайда болады.

Есірткі қолданатын адамды мына белгілерден анықтауға болады:

• адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;

• терісінде қарайған немесе көгерген ине іздерінің болуы;

• көктамырдың үстінде не айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;

• солғын ұйқылы-ояу болуы немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттарды көп мөлшерде қабылдағанын көрсетеді;

• есірткіден алыстатылған не қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;

• көз қарашығының үлкеюі;

• адамның бос жерге қарап отыруы;

• шприц, сабы темірден жасалған қақпақ, отқа ұстап тұруға арналған сабы артқа қайырылған қасық, т.б. есірткі қабылдауға пайдаланылатын құралдардың болуы;

• нашақорлардың жаргон тілін білуі;

• кісінің белгілі бір уақытта (4-5 сағ. сайын) басқа жерге кетіп қалуы (наша қабылдау үшін);

• өзіне қажетті мұқтаждықтан артық көп ақша жұмсай бастауы;

• бұрын сенімді болған адамның қылмыс жасауы, ұрлық жасап, алдап-арбауы, т.б.;

• өте ашушаң болуы. Есірткі қабылдайтын уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастауы (жалғасы бар).

Қор болып кетпесін

Жас ғұмыр тағдырың.

Денсаулық - өзіңнің

Мәңгілік байлығың.

Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап, өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Себебі мемлекетіміздің күш-қуатының артып,халқымыздың әл-қуатының жақсаруы үшін оған дені сау, білімді,мәдениетті ұрпақ керек.

Жер бетіндегі ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі қай халықтың болса да болашағы дәл бүгінгі таңдағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты, себебі ұрпақ жалғастығы тек дені сау ұрпақтарда ғана болмақ.
Сұрақтың жабылу себебі: Жауабы жазылып тұр.
Есірткісіз болашақ Есірткі... Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі. Есірткінің пайдасы сол, оның дәмін татқанға дейінгі өмірің ешқашан қайта оралмайды. Денсаулығың да бұрынғыдай болмайды. Ал осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Біреулер ермекке дәмін көрмек болып таблетка немесе ұнтақ қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасынның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың. Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың. Ал осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсын? Ондай достың оларға керегі не? Яғни осының бәрі бір – ақ кезге әкеледі. Сен барлығынан айрыласың. Ал мұндайға жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине ең алдымен өзіңе - өзің берік бол. Сені жолдан тайдыру үшін кейбіреулер сені алдап, есірткіні ұсынады. Ал сен сол кезде не істеуің керек, әлде, не деуің керек? Әрине, жоқ. Ал екіншіден салауатты өмір салтын ұстана біл. Өзіңді таза, мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға біл. Өз денсаулығыңды ойлай біл. Достарыңмен бірге спортпен айналыс. Ойна, күл, уақытыңда көңілді өткіз. Ең бастысы өмірге сенімді көзбен қара. Ал осылай өзіне сенімді адамдар көбейіп, есірткі өмірден жойылса, онда бұл өмірдің өзі ертегі. Барлық адам спортпен айналысып, жаман әдеттерден арылса, онда бұл өмірдегі ең жақсы ізгі істердің бірі болар еді. Бірақ, бұл жай ғана қиял болып қала береді. Осының барлығы 100% болмаса да талпыну керек. Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен!

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Есірткі туралы жалпы мағлұмат Ғаламшар - бұл сен өмір сүріп жатқан дүние.Өмірдің мәні- оны қызықты және бақытты етіп өткізуде.Сен осы өмірде қызықты да,қайғылы да кезеңдерден өтесін.Ол кезеңдерден сен өту үшін алдымен денсаулығың мықты әрі ұзақ өмір сүруің керек. Ал денсаулық ол сенің өз қолыңда.Денсаулық мықты болу үшін зиянды әрекеттерге жол бермеу қажет.Ол үшін есітркі темекі ішімдіктерден аулақ болу.Енді есірткіге тоқталайық.Есірткі - бұл ағзаны шірітіп жоятын химиялық зат.Есірткіні жалпы тексеруден өткізсек оны зияны көп екені бәріне мәлім.Есірткі естеу қабілетін жуйке жүйені мүлдем жояды.Денені жансыздандырады,сезім мүшелеріне де әсерін тигізеді.Жалпы айтқанда бұл өлімге әкеліп соқтырады.Есірткінің түрлері де бар оларға:героин ,апиын экстази,ЛСД таблекалары,молфин,кокаин,хлорлисфир жатады.Есірткі сату және қабылдау бұл заңға қайшы әрекет. Есірткге үйрену өте тез,оны тұтынған сайын көбірек мөлшер керек болады.Синтетикалық есірткілерге экстази,ЛСД деген организмнің жеке реакциясын болжап білу мүмкін емес,бір рет пайдаланудың өзі мүгедектікке немее тіпті өлімге де әкелуі мүмкін.Есірткі алдымен адамдарды өзіне қызықтырып,адам ағзасын шірітіп есін жоғалтады.Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге душар болады.Себебі оны бір рет қабылдаған соң оны тағы да қабылдау қажет болады.Бір шырмалаған жанның оннан құтылуы оңайға соқпайды.Сондықтан да есірткінің алдауына түсіп қалмаған жөн.Ол үшін досың адал және салауатты өмір сүру,сеніміңе берік болу.Ал есірткінің қызығына түсіп қалған жандар ,олар қалай адасты? Бұл сұраққа жауап іздейтін болсақ,біреу қызық көріп, біреу алдуға түсіп байқаусыз барады.Енді біреулері қысымның арқасында барады. Есірткіні сатып жастардың өміріне қол сұққан дар өте көп.Бірақ жастар бұл есірткінің денсаулығына қаншалықты зиян екенін білмейді,білсе де олар өздерінің алдағы болшағынның не боларын білмейді.Бұл есірткіні сатып жатқан көбінесе Қазақстандағы басқа ұлттар мен шет елдер,олар біздің болашамызды оңай+ жоюға дайын.Және жас әйелдерде есірткі сататын адамдармен құпиялары ашылып олар бас бостандығынан айырылы қамауға алынады. Сенің өміріңе қол сұғуға және ұзақ өмір сүруіңе қарсы болуға ешкімнің де құқығы жоқ.Егер өміріңді қызықты әрі ұзақ өмір сүргің келсе ,өз тағдырың өз қолыңда.Егер қысым жасаса өз құқығың бар оны қорғай біл.Сенің өмірңе араласуына жол берме! Есірткіні мода деп қабылдайтын болсаң қателесесің! Одан да сол ақшаға өзіңе қажетті болып жатқан заттарды ал! Ал егер өзіңді көрсеткің келсе, саған темекі тарту, ішімдік ішу,есірткі қабылдау міндетті емес.Одан да спорпен щұғылданған жөн.Спорт өзіңе деен сеніміді арттырады,кү+йзелістен құтылуға көмектесі,мінезіңді құрыштап,сымбатты етіп,денсаулықты нығайтады.Сенің сенімділігңді маңайдағылар міндетті түрде сезеді.Бұл сенімділіктің арқасында достарыңда көп болады. Әр адам артынан ұрпақ қалдыру бұл- өмірдің мәні.Сондықтан да сен өз болашағыңды ойла.

Сіздікі сұрақ па, әлде мәлімет пе? Өзіңіз сұрақ қойып, өзіңіздің жауап бергеніңіз қалай?

соны айтам! есірткі адамга толықтай зиян! оны бәрі біледі! тіпті балабакшадағы балага дейін біледі!  жауабын білсеңіз  іште устасаңызшы!
+4 дауыс
Мен де келісемін. Жауабын біліп тұрып сұрақ қоюдың не қажеті бар? Жарайды, жауап бердіңіз. Бірақ, оны өзіңіз жазбағаныңыз белгілі. Ондай мағлұматты жаза алмасыңыз да белгілі. Ең болмаса, сілтемесін немесе қай жерден алғаныңызды жазып қоюға болмас па еді?
бир созбен айтканда есиртки(наркотик)тозакка апарар жол жане ози-озине кол жумсау
Белгісіз
+5 дауыс
Құрметті сайт қолданушылары, қатты кетпейік. Олай ұрысқанша, жай түсіндіргендеріңіз дұрыс. Лазка енді ғана тіркелген қолданушы, сайтты қалай қолдану керегін енді үйреніп жатыр, мейлі пайдалы ақпараттың ешқандай зияны жоқ. Ерте ма, кеш па басқа қолданушыларға пайдалы ақпарат болса біз үшін сол қуаныш. Қатты сөкпей түсіністікпен қарасайық!
Админ мырза, тым болмаса басқа логинмен жауап жазсса қайтеді
Админ, сауал иесінің өз жауабын кетіргеніміз жөн емес пе?
0 дауыс
Шынымен де ұрыспағанымыз жөн!Жұмыла көтерген жүк жеңіл достар!Ешқашан өкпешіл ашушаң болмаңдар бұл сайтқа зияндық әкеледі!
...