+1 дауыс
13.0k көрілді

5 жауап

+2 дауыс

Әрине, бұл сұрақ маған қатысы жоқ Бірақ тіл, сөзге келге келгенде қатты қызығып кетемін /Қалқам/ дегені, маған /қалқан/ дегенг мағанасына ұқсатамын, - айырмашылығы жер мен көктей, әрине

Бүгін, бір жерден  /Құлақ - құлақ қалқаны - бастың екі жақ жанында орналасқан/ дегенді оқып күлкім келіп кетті.

қалқам

ласк. милый; дорогой; (ласковое обращение старшего к младшим)
қалқам, мында келіп кетші → дорогой, иди-ка сюда

Демек, бұл балдарға анралған сөз. Ал егерде қыздарға болса; еслкілеу сияқты, менімше

Қараған түсіндірме сөздікте қате кеткен болар,негізі "ҚАЛҚАМ,ҚАЛҚАШ,ҚАЛҚАТАЙ" сөздері қыздарға айтылады. мысалы: "Қырманға кел, қалқатай,білегіңді сыбанып."- деген өлең жолдары сияқты мысалдар өте көптеп келтіруге болады.
+3 дауыс
Қазақтың сөздік қоры өте бай. Әр сөздің кем дегенде бір-екіден синонимі бар десем, қателеспеспін..! Бірақ өкініштісі, қоғамдық орындарда, жолда, жұмыста үлкен жастағы ағайлар мен апайлардың, ата-әжелердің бірдеңенің жөнін сұрап шақырғанда қымсынбастан "Әй, қыз!" немесе "Қарындас" дейтіндері ерсі естіледі. Өзіңіз ойлап көріңізші, 60-тағы атаға 16-дағы қыз қалай қарындас болады?! Сондай-ақ біреудің әлпештеп өсірген "ботақанын" біреудің "әй, қыз" деуге қандай қақысы бар?! Осындайда қалқам деген сөздің орны ерекше емес пе?
Айтқанызға толығымен келісемін.  Біздің сөздік қорымыз өте бай; соны, шіркін, қайтадан жандандырсақ  қой - керемет болар еді! Тегі қазақтарда жазу болмағанымен, тіл құралы болды ғой.  Осыдан, біздің тіл көшпенді емес елдерден қарағанда күшті, қуаттырақ болуы тиіс. Ал қазырғы кезде көшедегі қазақтардың сөйлеген сөздеріне қарап отырсаң, тура түңіліп кетерсің..
Бота қалқам,сенің пікірлеріңе 100% қосыламын.
+2 дауыс

Мұқағали ағамыздың өлеңдерінде "қалқам" сөзі көбірек кездеседі, менің ойымша.

"Қалқам, сенде жерімнің иісі бар,

Жердің иісі жұпардан қымбат маған".

Құлаққа жағымды, әсерлі естілгенімен үлкен кісілердің бойжеткендерге айтқаны дұрыс секілді.

+1 дауыс
Қалқам, не деген керемет жылы сөз! Біз жақта,оңтүстікте көп қолданылады,негізінде қыз балаларға қаратпа сөз орнына пайдалынады. Өзім де жиі қолданамын.
+1 дауыс
Батыс жақта көп колданылмайтын сөз сиякты, Көп естімеймін.
...