+3 дауыс
11.6k көрілді
"Қаймағы бұзылмаған"  дегенді қалай түсінесіз, ммм ???

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Берік, тыныштық орнаған, ынтымағы зор, енді былай өзің ойлай көр, қаймақ сүттің, айранның т.б бетіне  әп әдемі, сап сары, тәп тәтті болып көрінеді,  сол қаймақты қасыкпен алсаң берекесі қашады, солай сияқты да, тату тәтті қаймағы бұзылмаған отбасылар елімізде өте көп (Құдайға шүкіршілік), соларға қасық сияқты  адамдар арашашы болмасын дегім келеді, ағаштың сабындай берік, қаймағы бұзылмаған халық болып қала берейік, ӘРДАЙЫМ!
+4 дауыс
Табиғи, сол қалпында сақталған деген мағына
Мысалы: *...ана тіліміз бен салт-дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған жері ауылдық жерлер ғой;*
*....қаймағы бұзылмаған табиғаттың сұлу көрінісі....*
+4 дауыс
Мысалы: Олар қаймағы бұзылмаған отбасы еді, енді оларға не болды екен?!!!
+2 дауыс
Шаң жуымаған, қайғы келмеген, жамандық болмаған,  деген сияқты синоним сөзбермен түсінуге болады
+1 дауыс
Әлі бар,сақталған деген мағынадағо
+1 дауыс
қаймағы бұзылмаған деген қатты бас қастыратын нәрсе емесқой газет-журнал оқыысаң бәрінде білесің. мысалы: интернет қаймағы бұзылмаған жастарымыздың санасын улап жатыр деген сияқты............
қаймағы бұзылмаған деген сөз тату-тәтті  деген тіркеске сай келеді!
...