+1 дауыс

Мұқағалидың мына өлеңін қалай түсінесіз? Ақынның айтпағы не? Сізге де ұқсас ой келген кезі болды ма?

Бәрі де таныс маған:

Ана таныс – алдына бала ұстаған,

Бала таныс – басынан бағы ұшпаған.

Аспан таныс – неғұрлым көп қарасаң,

Соғұрлым шыңырауға алыстаған.

 

Бәрі де таныс маған жер бетінің,

Бәрімен бір бесікте тербетілдім.

Көрдім мен ақ аспанда мамық ұшып,

Көл-көсір ақ жауынның селдетуін.

 

Күн таныс – күміс шашы таратылған,

Ай таныс – ашық күнде жаңа туған.

…Бәрі таныс, бәрін де көргендеймін,

Сірә, мен бұрынырақ жаратылғам.

 

Бәрі де таныс маған, таныс маған!

Сірә, мен бұл өмірден ауыспағам.

Сірә, мен қарсы ап жүрмін ұрпақтарды,

Таныспаған, әлі де қауышпаған.

11.01.2016 1.6k қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы