0 дауыс
3.0k көрілді

3 жауап

0 дауыс
http://www.kuttybolsyn.kz/ осы жерден көріңіз
0 дауыс
Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен
тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы,
ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған.Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін.  Қоян жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл,бақыт және береке салтанат құрсын!
0 дауыс
Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Қайғы уайымы жоқ болсын!
Қуаныштары көп болсын!
Толығырақ [мына жерде)][1]


  [1]: http://www.kuttybolsyn.kz/resmi-merekelerge/nauryz/
...