0 дауыс
439 көрілді
достар маған наурызға байланысты тақпақтар баталар тауып теріңдеррші және де наурызға байланысты тағы қандай күйлер өлеңдер бар болса қандай

3 жауап

0 дауыс
http://www.dombra-music.kz/kz/music/bozingen.html
http://dombra-music.kz/music/bozingen.html мына сайттардан күйлер іздеп көр
0 дауыс
http://www.kuttybolsyn.kz/ сайтынан таба аласыз
+2 дауыс
Наурыз баталары

Наурыз келіп қар кетті,

Ақ қар, көк мұз жұтатқан

Шаруа елінен зар кетті.

Наурыз келіп жаз кірді,

Жаз періште «Әз» кірді

Күнеске тосып арқасын,

Жан біткенге наз кірді.

Арық-тұрақ төрт түлік,

Көк жеп жапа-тармағай

Қабырға жаппай қалмағай.

Көтеремнің төрт бұты,

Ербегей де сербегей

Енді шығын бермегей.

Бізге келген бәлекет –

Қармен бірге қаңғырып,

Таудан ары өрлегей,

Мұсылман бетін көрмегей.

 

Жарапазан батасы

Қонақтасын берекет,

Қаша берсін пәлекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет.

Ақыретке барғанда,

Қыл көпірден аман өт!

 

Міне, бата, ақ ниет,

Бола берсін берекет.

Қиын дейді қиямет,

Жақын дейді ақырет,

Құлшылық қыл Аллаға,

Қыл көпірден таймай өт.

Кірсін дәулет,

Шықсын бейнет.

Алла атымен бейнет ет.

Жоқ-жітікке рақым ет.

Тәңір сені қолдасын,

Уайым-қайғы болмасын.

Қабыл болсын оразаң,

Әулетіңді оңдасын!

 


Қарық қып құтты Наурыз,

Қазанға толсын сары уыз.

Қайнасын Наурыз көже де,

Толтырып ішкей кезеңе.

Ұлыстың ұлы күнінде,

Көппенен бірге күлімде.

Көбейсін жаңа достарың,

Молайсын елге қосқаның.

Жарасып көңіл хоштығы,

Бекісін халық достығы.

Ішінде жүрсе азғана,

Шайылсын өкпе, наз-нала.

Алдыға сыймай сәбилер,

Құшағын жайсын жаңа үйлер.

Жастардың самсап отауы,

Мейірім төксін Отаны.

Әспеттеп ата дәстүрін,

Әсем боп өссін жас буын.

Кірбің тартпасын кәрілер,

Барыңның дәмді нәрін бер!

Дүрлеген Қазақстанға

Таңғалсын дос та, дұшпан да!



                                                         

Ұлыс күні құтты болсын,

Ақ кетпесін таңдайдан!

Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

Аллаһу акпар!
Наурыз - Ұлы Күн!

 

Наурыз айы – мереке.

Наурыз айы – береке.

Наурыз айы - Ұлы күн,

Ұласар бақыт, ырысқа.

Мереке шаттық, береке,

Басталар ұлы күн осы.

Күн менен түн теңеліп,

Ел ырысқа кенеліп,

Табиғат түрлі түрге еніп,

Құлпырар осы Ұлыста.

Халықтар тойлап достығын,

Ақтарылар ас бүгін.

Қыстан қалған сыбаға,

Сүрі, қазы, жал, жая,

Дәмді тәтті бәрінің

Асжаулыққа жайылып,

Берекемен ішіліп,

Бір біріне бақ тілеп,

Молшылық пен ақ тілек,

Ақтарылар күні  бұл.

Түбі бірге түркілер,

Тойлайтын Жаңа Жылы бұл.

Табиғаттың тылсымы

Қыдыр баба аралап,

Құт келетін күні бұл.

Таңмен бірге таласып

Күн шығады жарасып.

Қайта оралды салтымыз.

Халқымызға жарасып

Ұлысымыз оң болып,

Бақ пен дәулет зор болып,

Жасай берсін салтымыз,

Аман болсын халқымыз!
...