+1 дауыс
7.2k көрілді
Менің сыныбымдағы бір бала намаз оқиды.Бірақ қылықтарына қарасаң үнемі қыздарға ауыр сөздер айтып ренжітеді және ешкіммен қырылмай жүре алмайды.Намаз оқитын адамдар сабырлы болмаушы ма еді??Ол таза дін жолында жүр ме?Сіздер қалай ойлайсыздар???

8 жауап

+1 дауыс
я сабыр түбі сары алтын. Адамда напсі мен шайтан тұрғасын сабырсыздыққа бой ұрдырады. Мұсылман болу әсте-әсте, кәпір болу пәсте деген осы.
0 дауыс
менің ойымша сіздің бұл сұрақты мұнда салып отырғаныңыз қателік сияқты,себебі әр адам өзі үшін жауап береді ғой.Мұсылман мұсылманнын сыртынан өсек әңгіме айтып талқыға салудың қажеті жоқ.өр адамға түсіністікпен қарау қажет.Егер ол кісі қатты артық кетіп жатса онда жәймендеп түсіндіріп көрініздер, түсінбесе Аллахка аманат кылыныздар иншАллах.Содан кейін намаз окитын намаз окымайтын деп бөлінудің қажеті жоқ себебі біздің барлығымыз мұсылманбыз Әлхамдулиллах.ИншАллах ол кісіге Аллах сабырлылыкты нәсіп етсін!!!
0 дауыс
Намаз оқитын жастар саны көбеюі қуантарлық жәй болса да, сапасыз сияқты. Қазіргі таңда намаз модаға айналған заман. Мына сұрағың таңқаларлық емес, себебі мұндайлар көп. Адамдар өзін намаз оқитындығын айтып, ел назарында жүруді қалайды, сонымен қатар ауыздарын көпіршітіп тұрып жаттанды уағыздарын айтқыш келеді. Менің де біраз танысым намаз оқиды, оны танысқан күн-ақ айтып қойған. Өздері уағызшыл-ақ, бір қызығы сол өздері айтқан уағызын өздері ешқашан орындаған емес. Адам деген уағызшыл болса оны сөзімен ғана емес ісімен де көрсете білуі керек қой. "Мен Намаз оқимын" - деген "мақтаншақ" адамға сенбей-ақ қойыңдар дер едім. Себебі, Намаз - адам мен Алла арасындағы өзара құпиясы іспеттес. Намаз оқитын адам барынша оны жария етпей, құпия ұстағаны абзал.
Адамның жақсы яки жаманы намаз оқуымен өлшенбейді, адамдарға көмек беруімен өлшенсе керек.  Осыған орай еске түскен бір мысалды айта кетейін:
"Ертеректе бір пенде 5 уақыт намазын қаза қылмай, 30 күн оразасын жібермей, Меккеге де барып жүреді екен. Күндердің күнінде еш адамға жамандық жасамақ түгілі қастандық ойламаған әлгі пенде жолдан кішкене қобдиша тауып алыпты. Ол қобдишаны қызығушылықпен ашып қалғанда ішінен үлкееен айдахар шығып буындыра түсіпті. Сонда жанталасып қиналған пендеміз айғайлап көмек сұрай бастайды. Бір қараса анадайдан 30 шақты адам өтіп бара жатыр дейді, жанталаса көмек сұраған оған олар бір қарап өте шығыпты. Амалы құрыған пенде айғайын үдете түсуде, қараса тағы 5 адам кетіп барады, олар тіпті айғайына көз қиығын да салмай кете барыпты. Пендеміздің жаны мұнының ұшына келіп, қиналып тұрғанда бір әрең сүйретіліп ақсақ адам келіпті де әлгі қобдишаны қайта жауып, құтқарып қалған екен.
Сонда әлгі кетіп бара жатқан 30 адам әлгі пенденің ұстанған ораза күндері екен де, ал 5 адам 5 уақыт намазы екен. Ал әлгі ақсақ адам өзі бір кездері оған үлкен жақсылық жасаған пендесі екен."
Міне, ораза да, намазда Алла мен адамның өз игілігі үшін, яғни адамды жақсылық жасауға итермелеуші ғана. Сондықан да, ораза мен намаз оқи жүріп, адамдарға жақсылықты көбірек жасау керек. Адамдарды сыйлап, қадірлей білу керек. Ол ақыреттегі басты жасалған сауабымыз іспеттес.
Ал сіздің сыныптасыңыз намазды өз үшін оқиды. Ол намаз оқиды екен деп аяқ тарту тіпті орынсыз. Ол әлі жас сонымен қатар намазх қағидаларын толық білмеуші ғана. Кей оқушыларға ата-анасы намаз оқуға қарсылық білдіріп жатады, сіздің сыныптасыңызға қарап дұрыс-ау деп ойлап та қаласың. Балалық-шалалықпен жасалған күнә-қателіктер де ескерусіз қалмаса керек.
"Ертеректе бір пенде 5 уақыт намазын қаза
қылмай, 30 күн оразасын жібермей, Меккеге де
барып жүреді екен. Күндердің күнінде еш адамға
жамандық жасамақ түгілі қастандық ойламаған
әлгі пенде жолдан кішкене қобдиша тауып
алыпты. Ол қобдишаны қызығушылықпен ашып қалғанда ішінен үлкееен айдахар шығып
буындыра түсіпті. Сонда жанталасып қиналған
пендеміз айғайлап көмек сұрай бастайды. Бір
қараса анадайдан 30 шақты адам өтіп бара
жатыр дейді, жанталаса көмек сұраған оған олар
бір қарап өте шығыпты. Амалы құрыған пенде айғайын үдете түсуде, қараса тағы 5 адам кетіп
барады, олар тіпті айғайына көз қиығын да
салмай кете барыпты. Пендеміздің жаны
мұнының ұшына келіп, қиналып тұрғанда бір
әрең сүйретіліп ақсақ адам келіпті де әлгі
қобдишаны қайта жауып, құтқарып қалған екен. Сонда әлгі кетіп бара жатқан 30 адам әлгі
пенденің ұстанған ораза күндері екен де, ал 5
адам 5 уақыт намазы екен. Ал әлгі ақсақ адам өзі
бір кездері оған үлкен жақсылық жасаған
пендесі екен." дегенди калай тусинуге болат 5 уакыт намазда 30кун оразада комектеспеит дегенди билдиреме алде мен кате тусинип отрмынба?
Ашық айттым ғой, көмектеспейді емес, сіз намазды біреуге мақтан тұту үшін емес өзіңіз үшін оқисыз, Алла игілігі үшін оқисыз. Әрине, өзіңіз үшін оқығаннан кейін, оны өзге жанға жария етіп неге керек? Намаз - сіздің жан дүниеңізді тазартушы болса, ораза денсаулығыңызды нығайтып, тура жолға бастаушы. Қайталаймын, Намаз - адам мен Алла арасындағы өзара құпиясы іспеттес. Сонымен қатар адамдарға жақсылық жасауға итермелеуші де. Егер 5 уақыт намаз оқып, оразы ұстап бірақ адамдарға титтей де көмегіңіз тимеген жағдайда сізге сауап жазылуы екі талай.  *Бір 5 уақытын қаза қылмайтын ғұлама, намаз оқып отырып біреу қинала көмек сұрап келсе, оқып отырған намазын тастай сала көмек беруге ұмтылады екен. Көмек беріп, көңілі жайланған соң барып, намазын қайта басынан бастайды екен.* Осыдан-ақ  түбінде терең мағына жатқанын түсіне берсеңіз болады.
Мен сізге намаз оқыма демеймін, адамдарға жақсылық жаса деймін. Сұрақ намаз оқитын пенденің мінез-құлқы жайында болғандықтан, соған орай жауап бердім.
Жоғарыда жазған мысалды ғана емес, түгел оқып шықсаңыз болар еді.
Көркем апау мынау керемет  әңгіме екен...Қаншама сыр жатыр, тусінген адамға..менің денем тітіркеніп кетті...Көп рахмет!
Қазіргітаңда намаз модаға айналған заман - бұлай айту дұрыс емес. Намаз модаға жатпайды.
Модаға айналмаса неге намаздыгер адамдар өздерінің намаз оқитынын мақтан тұтады? Өтірік емес намаз оқитынын білдіріп, қызға, жігітке қырындайтындар да жоқ емес. Ол өзінің "иманды " екенін білдіру. Немесе, көп жастар өзінің тек намаз оқитын қызға, жігітке үйленетінін ғана айтып жасырмайды, сонда бұл мода емей немене? "Ақ туфлиімді ақ шортымен киемін" деген секілді бұл да. Намаз оқуының өзін жария ұстауды мен мода деп білемін.
Дегенмен мұсылмандар бұлай демес еді. Кейін сіздің өзінізде намаз оқисыз. Сонда өзініз намаз оқи тұра намазды сол күйі мода деп жүре бересіз бе?
Мен намаз оқитынымды құпия ұстауға тырысамын. Сосын болашақ жарым әбизөк намаз оқитын болсын деп талап қоймаймын.
0 дауыс
Ол бала намазды жүрегімен сезініп оқымайтын сияқты,шынында қазір көбісі намаз оқу керек дейдiде,оқи салады.Оның астарында не жатқанын терең түсінбейді-ау дим.Жүректе иман болу қажет..
0 дауыс
Қазір жастар жағы шынында намазды жауапкершілікпен қабылдап Алланың қаһарынан қорқып тарбиелі іс жасауға тарбиелі азамат болуға шариғатқа қайшы келетін істен аулақ болып өнегелі іс жасауга деген ниетпен жургендер аз копшілігі өздерін көрсетуге солай жасайды олар намаз жайлы шариғат жайында толық дұрыс түсінбегендіктен болар.Оларды қолдан келсе орталық мешіттерден ілім алуға насихат беріп дұрыс жолга салган дұрысырақ.
0 дауыс
Адам бойында қалыптасқан адеттер болады,ол жаксы адет не жаман адет болуы мумкин.Адам жаман адетін қоюды мақсат етіп дұрыс жолға түскенмен оның үй ішінде не болмаса айналасындағы ортасы дұрыс болмаса ол адам бірден жақсы болып кете алмайды,оған ақыл қосар жан ашыр достар керек,сен намаз оқығанын осы ма тарбиесіз деп балағаттаса ол жаксы жолдан жаман жаққа толығымен ауысады сол үшін оған да уақыт беріп қолдан келсе достық ақыл кеңес берген дұрысырақ деп ойлайм.Ақылы бар адам,ондай жерде ол адамды сабырға келтіргені абзал.
0 дауыс
Намаз окыса да окымаса да ол пенде. Адам.

Арбиринин кемшилиги бар

Намаз окитын адамдардын да жаны, сезими бар. Сол ушин намаз окитындар окымайтындар деп болуге болмайды. Окитын адам да окымайтын адам да жасаган кунасина бирдей жауап береди.

Ал намаз окитындарга сабыр уакытпен келеди, менин ойымша
0 дауыс
Жалпы Адам намаз оқиды оқымайды намаз оқитындар нандай оқымайтындар нандай деп бөлмеу керек бәрі бірдей пенде емеспе?Намаз адаммен Алланың арасындағы өзара байланыс! ал отырып алып намаз оку казыргы танда мода деген созды айтпас бұрын ойлану керек күнә болады.сосын намаз окитын Адам быреу балагаттап болмасам быреу дорекы сойлеп жатса неге оган карап тұру керек оган санасына жеткызып түсіндыру керек.
...