Айдар. Ер балалардың орайының тұсынан қалдырылатын бір шок шаш. Тұлым-қыз балалардың кішкене күніндегі екі шекесінде I киылмай қалдырылатын екі шок шаш. Қазақ айдар мен түлымды I балаға көз тимесін деп қояды. Адамның көзі алдымен оның төбесінде шошайып тұрған шашқа түссін деген сенім болған. Қыз ұзату, келін түсіру. Қазақ үл-кызының үй болуына үлкен мән берген. «Баланы жастан» деген қағидамен ұлды үйдің қожасы, корғаны, асыраушысы болуға үйретсе, қызды үй ұстауға, бала тәрбиелеуге, тамақ әзірлеуге, қонақ күтуге дағдыландырған. Ұлы өсіп кележатқан қазақ болашақ құда болатын адамдар 1 жөнінде ойлана бастаған. Болашақ келінінің шыққан жеріне, тегіне өте мән берген. Қазақта үйлену тек құдалық арқылы болған. Болашақ қалыңдықты таңдағаннан кейін оның ата-анасына жігіт жағынан жөн білетін бір-екі адам барып, өздерінің ниеттерін білдіреді. Қызжақ қарсы болмаса, белгіленген уақытта жігіт жақ қүда түсуге келеді. Қазақтың дәстүрлі салты бойынша қыз айттырғанда қалыңмал береді. Қалыңмал, былайша айтқанда, бір әулеттен екінші әулетке ауысатын қыз баланың төлем ақысы. Қалыңмал екі бөліктен тұрады: бірі-бас жақсы, екіншісі-қара мал. Бас жақсыға, әдетте, түзу мылтык, берен сауыт, жүйрік ат және малдағы артык белді түйе. Бұл заттардың әрқайсысы төрт ірі малға тең болып есептелетін. Ал қара мал деп атайтын бөлігі екі жақтың келіскен санына қарай беріледі. Осындай қалыңмалмен қатар қыз жағына берілетін қәделер де болады. Олар ілу, тоймал, сүт ақы. Ілу-күйеу жігіт қалыңдығымен алғаш танысқалы ұрын барғанда қыздың ата-анасына берілетін сый. Той мал-қыздың ұзатылу тойына сойылатын мал. Сүт ақы кыздың анасына күйеу жігіт тарапынан берілетін сый. Қазақта «Қалыңсыз қыз болғанмен, қәдесіз қыз болмайды» деген мақал, күйеу жігіт тұрмысына байланысты қалың мал бере алмаса да, қәделерін міндетті түрде беруі керек деген салтты білдіреді. Құдалықта болатын міндетті қәделердің бірі қыз ата-бабаларының рухына арнап берілетін қәде- «әлтірі». Қыз әкесі ұзату тойын жасайды. Ұзатылар қыз үйінен аттанарда сіңісу деп аталатын қоштасу өлеңін айтады. Жігіт еліне келгенде жас келінді отауға оң аяғымен кіргізіп, отқа май құйғызады. Той басталар алдында бір өнерлі жігіт келіннің бетін ашады. Беташар домбырамен қосылып айтылатын ән түрінде жүреді. Беташардың мағынасы жаңа түскен келінді елмен таныстыру, қайын-жүртын келінге таныстыру, келінге әзіл-қалжың түрінде тәрбиелік өсиет айту. Беташардан соң сол ауылдың үлкен, беделді адамы жас жұбайларға бата береді, осымен той кызығы басталып кетеді. Дәулетті адамдар фольклорда әсірелеп айтылатындай отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаған, ат жарыстырған, балуан күрестірген, көкпар тартқан. Құдаларды құдайындай сыйлап, киітін, сый-сияпатын беріп, риза етіп аттандырған. Үйлену салтында қыздың жасауы деген дәстүр бар. Жасаудың да мөлшері кыз әкесінің ауқатына, берілген калың малдың мөлшеріне байланысты XIX ғасырға жататын деректер бо- йынша ауқатты адамдар қызының жасауына көбінесе мынадай заттар кірген: ақ отау, күміс ертоқымды салт ат, сәукеле, төсек-орын, әркай- сысы тоғыз-тоғыздан көптеген киім түрлері, ыдыс-аяқ, жасау артатын бірнеше түйе. Қыз жасауының ішінде шешесінің, тіпті әжесініц жасауымен келген қымбат киімдер, әшекей бүйымдар да болады.