0 дауыс
40.2k көрілді
ҒАЛАМТОР қай жылы пайда болды??? жане қай ел ойлап шығарған???

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Интернет тарихы 1969 жылдан басталады ең бірінші АҚШ та Лосанжелс штатының Калифорния универінде орнатылған.
1970ж. Электронды почта қолданысқа енсе.
1989ж. Чат өмірге келді.
1990 Арпанент NSP net пен бәсекелесе алмай жұмысын тоқтатып телефон арқылы интернетке қосылуға мүмкіндік ашты.
1991 интернет пайда болды
+4 дауыс
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкіләлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкіләлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкіләлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына әсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкіләлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп әсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкіләлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады.
0 дауыс
Хер тебе а рыло с
0 дауыс


Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.

Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.

0 дауыс
Интернеттің пайда болу тарихы Интернеттің пайда болу тарихы Интернеттің пайда болуына XX ғ. 60-жылдардың аяғында жарық көрген ARPANet есептеу желісі үлкен септігін тигізген. Бұл желіні Advanced Resaerch Project Agency деп аталатын АҚШ-тың үкіметтік ұйымы құрастырған болатын. ARPANet желісі орталықтандырылмағанына қарамастан, ақпараттық дестелер өздерінің белгіленген жерлерін тауып, қабылдаушының рұқсатымен есептеуіш құрылғысына енетін. Таратылатын десте қабылдаушыға әр түрлі жолдармен келетіндіктен, бұндай жүйе өте тұрақты әрі қолдануға тиімді еді
...