0 дауыс
26.8k көрілді
Арғындар Ғұндардың ұрпақтары екені рас па? Орта жүзге кіретін Арғын руы сонау Ғұндардың ұрпақтары дейді?

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
"Арғын" - ол Орта жүздің яғни БекАрыстың тұңғыш ұлы одан кейін Керей, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Уақ және Тарақты (Арғынның жиені) осы аталғандар үш әйелдерінен тараған, ал Ғұн -деп айтып отырғаның кезінде  Нұх пайғамбардың үш ұлы- Ғұн, Сам, Япшы. Топан судан алып кемемен аман алып қалған, міне содан бері ру-тайпаға бөлініп, қазір әрбір мемлекет болып өрбіп-өсіп келеміз.
–1 дауыс
Арғындар Ғұндардың ұрпақтары екені рас сияқты... мына бір жерде >
*Ғұндар империясының негізін салған Мөде қаған б.з.б. 209 жылы таққа отырған. Оның құрған империясы 300 жылдай өмір сүрді. 94 жылы Ғұндардың ең ақырғы патшалықтары құлады. Ғұндардың империясын қиратқан халық Қытай жазбаларында Сәнбилер деп аталады. Ал сол халықтың өзінің шын атауы белгісіз. Гумилев оны Қытай тілінде "р" жоқ болғандықтан, негізі "Сирби" (Сирби халқы) деп оқу керек дейді. Мысалы, Қытай жазбаларында Көк Түріктер "Тукю" деп жазылға*н ғой.
 
*Сәнбилер империясының негізін қалаған - Таңшихай қаған. Ол кісі де көшпенді ұлы даланың даңқты қолбасшы қағандарының бірі. Оның есімі әрқашан да Мөде қаған, Хулугу қаған, Мойын Чуй, Тоба Гуй, Бумын қаған, Білге қаған, Шыңғысхан, Әмір Темір, Санжар сұлтан, Бейбарыс сұлтан сияқты көшпенді даланың ұлы тұлғалармен бірге аталады. Сәнби халқының Таңшихай қағаны Қытайдың өзіне қарсы жіберген қалың қолын үш рет талқандап жеңген. Кейін оның ұрпақтары, яғни Табғаштар Қытайды жаулап алып, 500 жыл бойы Қытайға үстемдік жүргізді.*
 
*Осы Сәнби деп аталған жұмбақ халықтың кімдер екенін ешбір тарихшы болжамдап болса да айтқан емес. Ресейді жаулап алып, 300 жыл бойы езгіде ұстаған Алтын Ордалықтар (Жошы ұлысы) біздің ата-бабаларымыз екенін айтуға Ресейден қорқып отырмыз ғой қазір. Сол сияқты Ғұндарды қырып салып, одан Қытайды жаулап алып, 500 жыл бойы езгіде ұстаған Сәнбилердің ұрпақтары кімдер екенін айтуға қазіргілер Қытайдан қорқатын тәрізді. Менің ойымша "Сәнбилер" деген халық - қазіргі Орта жүз руларының, соның ішінде *Арғын*, Найман, Керей және Қыпшақ, сосын Кіші жүздегі Табын, Тама, Адай, Беріш - осы рулардың арғы аталады. Ал Ғұндар деп отырған халық - Ұлы жүз руларының (Қаңлы мен Шанышқылыдан басқа) және Орта жүз Қоңыраттың арғы аталары болады.*
 
*Қытай жылнамалары бойынша, көне Сәнби халқынан кейін Тоба (біздіңше Табғаш), Мойын, Ухуан, Тогон, Қидан (біздіңше Қарақытай) деген халықтар тарайды. Бұл халықтардың да кімдер болғаны және қай тілде сөйлегені белгісіз.*
Сіз өз сөзіңізге өзіңіз қарсы шықтыңыз ғой. Арғындар Ғұндардың ұрпақтары екені рас сияқты дедіңіз дағыны "Сәнбилер" деген халық - қазіргі Орта жүз руларының, соның ішінде Арғын, Найман, Керей және Қыпшақ, сосын Кіші жүздегі Табын, Тама, Адай, Беріш - осы рулардың арғы аталады. Ал Ғұндар деп отырған халық - Ұлы жүз руларының (Қаңлы мен Шанышқылыдан басқа) және Орта жүз Қоңыраттың арғы аталары болады дедіңіз..
+1 дауыс
Қазақстандық нөмір бірінші тарихшы Талас  Омарбекұлының айтуынша, арғын сөзі  ара ғұн деген сөзден шыққан. Яғни, ғұндардың ақ және қара деген екі түрі болған. Ал аралық ғұндарды арғын деп атап кетіпті.
Бұлар әлі дәлелденбеген болуы мүмкін, бір конференциядан естігенім еді!
0 дауыс

Ата-бабамыздың шежіресін білген дұрыс. Қазақтан - Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс туады. Ақарыстан Ұлы жүздің, Жанарыстан Орта жүздің, Бекарыстан Кіші жүздің қазақтары тарайды. Жанарыстан Арғын, Қыпшақ, Керей, Уақ, Найман, Қоңырақ рулары өрбиді. Арғынның қызынан туған Тарақты да жетінші ру болып Орта жүздің құрамына кіреді. Арғын деген аттың шығуына байланысты пікір таластары көп. Соның бірі мынадай: "Арғын" деген сөз "ар" және "ғұн" деген екі сөзден құралып, Арғын болып кеткен. Бұл - ғұнның ақыл-ойы, ар-намысы деген мағынаны білдіреді. Жоғарыдағы "+ 2" Нұх пайғамбардың үш ұлының атын қате жазыпты. Шындығында Нұх пайғамбардың ұлдарының аты - Сам, Қам, Иапес (Яфис). Ғұн деп отырғанымыз Иапестен өрбіген ұрпақтардың қатарына жатады.

0 дауыс
Кыргызалы руы калай пайда болган? Орта жузде барма ози???
0 дауыс
арғындар тарихта болмаған , орта жүзде ең үлкен Қыпшақ болуы тиіс , арғындар тексіз , өздері тарихтарын ойлап тапқан , Қыпшақтар ерте заманда Дешті-Қыпшақ жерінде өмір сүрген .
0 дауыс
арғындар ғұндардың ұрпағы болмақ түгілі тарихта болмаған , орта жүзде ең үлкен қыпшақ , арғындар қазақ хандығы кезінде пайда болып , орын тартып алған
0 дауыс
Аргындар-Акгундар, бурын "Арукгун" (Арук-Ак) аталган. Содан Аргын болып озгерген.Казак рулары iшiндпгi ен байыргы улкен тайпа.

Ұқсас сұрақтар

...