*Ғұндар империясының негізін салған Мөде қаған б.з.б. 209 жылы таққа отырған. Оның құрған империясы 300 жылдай өмір сүрді. 94 жылы Ғұндардың ең ақырғы патшалықтары құлады. Ғұндардың империясын қиратқан халық Қытай жазбаларында Сәнбилер деп аталады. Ал сол халықтың өзінің шын атауы белгісіз. Гумилев оны Қытай тілінде "р" жоқ болғандықтан, негізі "Сирби" (Сирби халқы) деп оқу керек дейді. Мысалы, Қытай жазбаларында Көк Түріктер "Тукю" деп жазылға*н ғой.
*Сәнбилер империясының негізін қалаған - Таңшихай қаған. Ол кісі де көшпенді ұлы даланың даңқты қолбасшы қағандарының бірі. Оның есімі әрқашан да Мөде қаған, Хулугу қаған, Мойын Чуй, Тоба Гуй, Бумын қаған, Білге қаған, Шыңғысхан, Әмір Темір, Санжар сұлтан, Бейбарыс сұлтан сияқты көшпенді даланың ұлы тұлғалармен бірге аталады. Сәнби халқының Таңшихай қағаны Қытайдың өзіне қарсы жіберген қалың қолын үш рет талқандап жеңген. Кейін оның ұрпақтары, яғни Табғаштар Қытайды жаулап алып, 500 жыл бойы Қытайға үстемдік жүргізді.*
*Осы Сәнби деп аталған жұмбақ халықтың кімдер екенін ешбір тарихшы болжамдап болса да айтқан емес. Ресейді жаулап алып, 300 жыл бойы езгіде ұстаған Алтын Ордалықтар (Жошы ұлысы) біздің ата-бабаларымыз екенін айтуға Ресейден қорқып отырмыз ғой қазір. Сол сияқты Ғұндарды қырып салып, одан Қытайды жаулап алып, 500 жыл бойы езгіде ұстаған Сәнбилердің ұрпақтары кімдер екенін айтуға қазіргілер Қытайдан қорқатын тәрізді. Менің ойымша "Сәнбилер" деген халық - қазіргі Орта жүз руларының, соның ішінде *Арғын*, Найман, Керей және Қыпшақ, сосын Кіші жүздегі Табын, Тама, Адай, Беріш - осы рулардың арғы аталады. Ал Ғұндар деп отырған халық - Ұлы жүз руларының (Қаңлы мен Шанышқылыдан басқа) және Орта жүз Қоңыраттың арғы аталары болады.*
*Қытай жылнамалары бойынша, көне Сәнби халқынан кейін Тоба (біздіңше Табғаш), Мойын, Ухуан, Тогон, Қидан (біздіңше Қарақытай) деген халықтар тарайды. Бұл халықтардың да кімдер болғаны және қай тілде сөйлегені белгісіз.*