0 дауыс
780 көрілді
Әкемнiң анасының iнiсiнiң қызынан туған қыз маған кiм болады? Үйленуiмiзге болады ма? Қазақтың ұлттық этнографиясына сәкес келетiн жауап күтемiн.

4 жауап

+1 дауыс
Шешеңнің інісінен туған қыз саған нағашы қарындас болады. Негізі оған біздің салт-дәстүрімізде қан жағынан тиым жоқ. Егер менің ақылымды тыңдасаң үйлену туралы ойламағаның жөн. Бәрі жақсы болса жақсы,бірақ жанұяда әртүрлі ойламаған жағдайлар кездеседі. Ертең араларыңда бір жағдай болатын болса әке-шешеңнің ең жақын адамдармен ара қатынасы қалай болады деп ойлап қойған артықтық етпейді.
Сiз түсiнбедiңiз, ол менiң туған нағашы қарындасым емес. Олай болса жақын туысқан есеп боламызғо.
Қазақта жетi атадан берi қарай қаны болса үйленген дұрыс емес деп жатады. Үйленсе баласы бiрдеме болады дейтiндей әңгiмелер естимiз.
Бiздiң туыстығымыз мысалы былай да: бiр шалдың қызының баласынан мен туылғанмын. Сол шалдың баласының қызынан туған қыз маған кiм болады? Әлгi шалдың қаны менiң де қанымда бар, жүрiп жүрген қызымның да қанында бар делiк. Осы жағы қалай болады?Рахмет!
–6 дауыс
болады! Руы бірдей болмаса болды. Сүйсең үйлен. Ол сенің туысқандарыңы тұрмысқа шықпайды.
+3 дауыс
Болмайды бауырым, әкеңнің нағашы ағасы деуге болады ғой, ал ол кісінің қызы сенің алыс емес нағашы қарындасың, ондай ойдан аулақ бол!!! Егер қан араластырсаң тұқымыңа кесірін тигізеді, туғаныңның намысына тиер. Негізінде бәріміздің бойымыздағы қан ру бойынша тек ата жағынан болса да, ана жағынан да үлкен әсермен таралатын есіңе тұт.
0 дауыс
Әкеңнің анасының інісінің қызының қызы саған "ешкім" емес. Себебі нағашыңның қызы саған нағашы апа болады да одан туған бала саған ешкім болмайды себеді ол басқа елге тұрмысқа шығырып кеткен адам. Одан туған қыз алыс құдаша десек те болады.

Қосылсаң ештеме болмайды деп ойлаймын. Бірінші берген жауаптың туыстық қатынасқа сызат түсірмеу үшін қосылмағаның жөн дегене қосылар едім.
...