+1 дауыс
5.3k көрілді
HTML, CSS, PHP,Javascript  осылардың мағынасын жане қандай қызмет атқаратын жайлы айтып жіберсеңіздер???

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
HTML - HyperText Markup Language — гипертекстті өңдеу тілі.
Қарапайым тілмен айтқанда HTML-мен уеб-беттің құрылысы жазылады. Мысалы: уеббеттің сол жағында не болады, оң жағында не тұрады деген сияқты.

CSS - Cascading Style Sheets (Стильдердің каскадты кестесі).  Бұл ережелер жиынтығы уеб-бетті әшекейлеу, көркемдеу үшін қолданылады. Мысалы уеб-беттің артқы фонының түсі, әріптерінің шрифті, әріптердің қалыңдығы деген сияқты.

PHP - Hypertext Preprocessor. PHP тілі уеб сайт жасайтын скрипттер тілі болып табылады.  Сонымен қатар бұл тіл серверде жұмыс істейді. Мәліметтерді деректер қорына салу, мезетте уеб-бет жасау т.б көптеген қызметтер атқарады. Мысалы: "сайтқа тіркелу", "сайтқа кіру" процесстері php тілімен жазылады.

JavaScript - Бұл тіл де скрипттер тілі. Бұл тіл де көбінесе уеб саласында қолданылады. Бұл тілдің PHP тілінен айырмашылығы - бұл тіл серверде емес, клиенттің (қолданушының) компьютерінде жұмыс істей алады. Бұл кейбір нәрселерді серверге сұраныс (запрос) жібермей-ақ жасау керек болған кезде пайдалануға тиімді болып табылады. Мысалы: осы жауапты жазып отырғанда, төменгі жағынан жазып отырған нәрсең шығып отырады, міне осы процесс javascript тілімен іске асады.
Сонымен қатар осы сайттағы жауап жазатын өрістің жоғарысында жазуды қалың қылатын, жатай қылатын, сурет қоятын белгілер бар. Жазуды белгілеп B белгісін бассақ сол жазуымыз қалың болады. Міне, осы сияқты операциялар JavaScript тілінің көмегімен орындалады.
Сонымен қатар қазіргі таңда кең етек алып жатқан Ajax технологиясы да осы Javascript тілінің көмегімен жазылады.
Жақсы Жауап! :) Маған ұнады, қысқа болғанымен өте түсінікті әрі нақты жауап.
...