+3 дауыс
14.1k көрілді
Сіздің ойыңызша: Ата - ана қандай болу керек?
Ата ана оз баласына камкор болуы керек,жане жанын тусинетин болса жаксы!
Белгісіз

12 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бала – ол өте нәзік те сезімтал адам. Оның жанын жаралап алу өте оңай, алайда осы бір жара өмір бойы сыздап жүруі ғажап емес. Бала кезінде шешілмей қалған мәселелердің салдары ер жеткен кезде кейбір психикалық ауытқуларға негіз болатынын ұмытпаңыз

Көптеген ата-аналарды: бір мезгілде қатал да мейірімді бола білу, өз баласының алдындағы ата-аналық биігінен түспей тұрып, оған қалайда ең жақын дос бола білу жайы көп ойлантады. Төмендегі өте маңызды ақыл-кеңестер, бала тәрбиесі барысында сізге көп көмек берері сөзсіз:

  • Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана Сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана  әсер етеді.
  • Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.
  • Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есте жүрсін.
  • Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана ата-ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.
  • Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.
  • Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.
  • Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз. Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана ұрсатын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.
  • Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.
  • Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.
  • Өзіңіздің бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.
  • Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынын ұмытпаңыз, ең алдымен балаңызбен татуласып алыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.
  • Әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады.
  • Өзінің жақсы адам екенін ескертіп отыру керек, алайда, басқалардан артық емес екенін естен шығармай, айтып отырған жөн, себебі оның тым тәкәппар және екіжүзді болып өспегені жақсы.
  • Оның таңдауы мен пікіріне құлақ түріңіз. Тіпті сіз онымен келіспейтін болсаңыз да, оны ешуақытта сынамаңыз.
  • Оны өз қадамдары үшін жауап беруге үйретіңіз. Оның өзін емес, әруақытта жақсы қадамын бағалап, егер ол дұрыс емес жасаған болса, қателігін көрсетіңіз, оның орнында өзіңіз болғанда былай істер едім деп, таңдау және шешім қабылдау құқығын оның өзіне қалдырыңыз.
  • Ешуақытта оның осыған дейін жасаған қателіктерін еске алмаңыз. Болған нәрсенің барлығын өткен күнге қалдырыңыз.
  • Оған тым қатты талап қойып, ұзын-сонар ақыл-кеңес айтудан аулақ болыңыз, оның жанын жаралайтын немесе намысына тиетін ащы әзіл не теңеулер, әжуа айту ешуақытта дұрыс болмайды.
  • Егер сізді оның мінез-құлығы ренжітсе, бұл жайлы өзіне айтыңыз. Бұндай кезде оның тәртібін талқылымаңыз, тек өзіңіздің көңіл-күйіңіз туралы айтыңыз.
  • Шектен тыс бақылауды азайтыңыз, бұл көп жағдайда табыс әкелмейді.
  • Ол ақтай алмайтын үмітті, көтере алмайтын жүкті оған артпаңыз. Бастапқыда өзіңіз одан не талап ететініңізді анықтап алған жөн. Содан соң барып, міндетті түрде оның не қалайтынын біліңіз, ұстаным жасауға тиіс аса маңызды жағдайлар бойынша міндетті түрде келісімге келуге ұмтылған дұрыс.
  • Әңгіме барысында оның маңызын жоғалтпау үшін көпсөзділіктен арылу керек.
  • Сіздің баланы мәжбүрлеуіңіз тым нәзік, жан-жақты әрі жалғаспалы сипатта әсер ететіндей болуы керек.
  • Әр уақытта баламен үлкен адамдарша, оны кішірейтіп, еркелетер сөздерді барынша аз қолдана отырып сөйлескен абзал.
  • Даулы мәселелер орын алған жағдайда бала өзін үнемі қателесуші ретінде сезінбес үшін оған жол беріңіз. Бұл арқылы сіз балаңызға біреуді кешіруді, өз қателігін түсінуді, жеңілістер мен қателіктерді мойындай білуді үйреткен болар едіңіз.
  • Оны ақылы, таланты, сұлулығы немесе тума дарыны үшін емес, қарапайым ғана оның осылай бар болғаны үшін ғана жақсы көріңіз.
  • Есіңізде болса, балаға үш негізгі қасиетті дарытуға міндеттісіз: шешім шығару, құрмет, жауапкершілік. Қандай жағдай болса да, еңсесін тік ұстайтын, жан-жағындағыларға құрметпен қарайтын және өз қадамдары үшін жауап бере алатын адамдар көп жағдайда табысқа жететіні белгілі.
  • Егер сізге шын мәніндегі жақсы, жауапкершілігі жоғары, бәріне сыйлы, табысты азаматты тәрбиелеп шығару керек болса, ешқашан өзіңізді кінәлап, өкінішке ұрынбас үшін, бар мүмкіндікті қолдануға тырысыңыз, бәлкім сонда ғана сіз өз перзентіңізбен мақтана алатын боласыз.
0 дауыс
Жақсы болуы керек, тиісінше бала да жақсы болу керек дегеннен басқа айтар жоқ. :)

Нақты қандай жағдайда үлкендер тарапынан қандай күткен дұрыс деп сұрақты нақты қойсаңыз, соған сай жауап жазуға болар ма еді.
+1 дауыс
бала жаның түсінетін. оны еткелететін, түн ұйқысын баласы үшін бөлетиін, баланың көңілін қалдырмайтын, еркелететін, жақсы көретін опшем барлық жақсы атаулар ата мен ананың бойында табылу керек.
+1 дауыс
Ата-ана әрине өзінің баласына деген сенімі болса деймін, оған деген түсіністік.Бірақ түсіну керек,сену керек деп жөніне иде қоя берудің еш қажеті жоқ,керек кезде ұрсып алудыңде керегі бпар.АТА-АНА БАЛАҒА ҮЛГІ БОЛА АЛАТЫНДАЙ болуы керек
0 дауыс
негізі ата-ана жаман болмайдығо ата-ана балаларына тек жақсылық тілейді әрі жақсылық жасау мен сен үшін өмір сүреді ата-ана ең асыл зат олар мен үшін ешқашан табылмайтын асыл тас сияқты өмірдегі ата-аналар жасай берсін
0 дауыс
өмірде әр түрлі адам барғо аналар бар ана екенін сезбейтін аналар бар ана екенін ұмытпайтын сол аналардың ішінде түн ұйқысын төрт бөліп баласын ел қатарына қосу үшін еңбегін аянбайтын аналар жасай берсін
+1 дауыс
меніңше Ата-Ана болғаннан кейін тек қана еркелету мен жылы сөз айтуды ғана емес, сонымен қатар қатал да бола білуі керек. қазіргі кезде жастар өз балаларын тым көп еркелетеді кейін сол балалары өз бетімен кетіп, өз балаларына өздері ие бола алмай қиналып жатады. Жастайыннан тәртіпке үйреткен бала өскенде де осал болмасы анық
0 дауыс
"Әкеге қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер" деген бар, сондықтан ата-ана баласына дұрыс тәрбие берсе болғаны.
0 дауыс
Ата ана қандай болу керек екенiн ата ананың өздерi бiледi.
+4 дауыс
"Ұлықпанда ұрпағымен мың жасаған" дейді,яғни ұрпағы жақсы болып мың жылға шейін атын өшірмеген екен..Жалпы ата-ана жақсы болуға бар күшін салулары қажет..Бірде әке қатаң болып баланы тәрбиелесе,енді бірде анасы..Жалпы айтқанда ішкі жан дүниесі баай болуы қажет.Бірақ, 60 % әр баланың санасының қабылдауына байланысты..)Мысалға ертеде бір бай мырза ұлын ғалымға беріп былай дептi: "Өз ұлыңа қандай тәрбие берсең,менің ұлыма да сондай тәрбие бер"..Бірақ ғалым жаңағы ұлды тәрбиелеуге көөп еңбек етседе,ешқандай нәтиже болмаған екен..Ал басқа ұлдар оқымысты,тәрбиелi болып жатады..Сонда манағы бай ғалымға ренжiптi,ғалым:"Байеке,тәрбиенiн берiлуi бiрдей болса да,қабылдауы әр турлi болса,мен не iстей алам"деген екен..
+2 дауыс
Ата-ана улкен жауапкершілікті сезіну керек деп ойлайм. Және де барлық баланың қояды -ау деген сұрақтарына мәнді жауап бере біліп,оны дұрыс жолға бағыттап отыру тиіс деп ойлаймын. Мысалы осы күнге дейін, мен кеңесті,ақылды әкемнен сұрайтынмын. Бірақ шынын айту керек дінге келгенде, басқа да сұрақтарға келгенде, әкемнің білімінің ол жағынан шорқалау екенін көріп жүрм. Сондықтан жайлап-жайлап өз проблемамды,сансыз жауапсыз сұрақтарды өзім шешуге  бел буғам. Достардан,көшеден, ұстаздардан, сайттардан қарап түсініп алып жүрм. жасөспірімдік кезеңнен ересек кезеңдерге өту сатысында жүрм десем де болады.
+2 дауыс
Ата-ана әрине баласына дұрыстап қарап,мейірімді,аяулы болу керек,балаларына үлгілі әке,аяулы ана болуы керек!Ақылын айтып,жақсы тәрбиелеп,баланы мейірімділікке,үлкенді құрметтеуге үйретуі керек!Ата-ана ол сенің өміріңнің бір бөлшегі,қандай жағдай болмасын,ата-ананы өмір бойы қадірлеу біздің борышымыз,менің ата-анам құдайға шүкір өзіме жақсы қарап,ақыл айтып отырады,мен ата-анамның қасымда жүргеніме қатты қуаныштымын!
...