+2 дауыс
2.5k көрілді
Сәлем жамағат, қазақ тілінің дамуына бей-жай қарамайтын сайт қолданушылары. Интернет әлемінде қазақ тілінің жағдайы өте төмен екені баршамызға мәлім. 12 млн сөйлеушілері бар қазақ тілінің мұндай жайы ұят нәрсе, бірақ бұған себеп бар, көп қазақ тілді бауырларымыз орыс тілді сайттарды қолданады. Қазақша блогтар, сайттар бар, бірақ белсенділігі өте төмен. Сондықтан қазақ тілінің дамуына үлесімізді қосайық. Алысқа бармай 200 ден аса тілде жобалары бар [Wikimedia] [5] ұйымының қазақ тілді жобаларын бірге дамытуға шақырамын.  Олар: [Қазақша Викикітап][1], [Қазақша Википедия][2],  [Қазақша Викидәйек][3], [Қазақша Викисөздік][4] және кейбір жобалары белсенділігі төмен болғаннан кейін жабылып қалыпты.

Осылардың ішінен ең жақсы дамып келе жатқаны [Қазақша Википедия][2] екені мәлім. Қазақша Википедия жобасын неге орысша Википедия сияқты жасамайды, мәліметтерінің көптігі және сапасы тұрғысында неге орысшадағыдай емес, сайт админдері қайда қарап отыр деген сұрақтар мені де мазалаған). Қазақша Википедияны және басқа тілдегі википедияларды бақылай, зерттей келе Қазақша Википедияға сын тағу, не қандай болмасын реніш білдіру орынсыз екеніне көзім жетті. Енді маған бұл жобаға қатысты жағымсыз пікір айтушы адамдарың сыны өзіне және қазақ тілді интернет қолданушыларына бағытталғандай көрінеді, басқа кімге?)  Орыстар біз үшін бұл жобаны дамытып, сапасын көтеріп бере алмайды, бәрі өзіміздің қолымызда достар. Бұл комерциялық жоба емес, бұл үшін ешкімге ешқандай пайда түспейді, және сайтты дамытып жатқан адамдар ерікті, қазақ тілінің дамуына шынайы үлес қосып жатқын адамдар.  Бұларға алғысым шексіз. Және бұндай үлкен жобаны қадағалап отыру (кез келген адам өңдей алатындықтан вандалдар да көптеп кездеседі, вандализм - қасақана бұзақылық жасау), қателерін түзеп мақаланы безендіріп отыруға бұл адамдардың физикалық тұрғыда күштері, уақыттары жетпейді.

Мәселен алысқа кетпей сол орысшамен салыстырайық. Оларда 810 480 адам тіркелген және 10 000 дайы белсенді, мұндай санмен қалай дамымасқа?. Ал бізде 14 000 адам тіркелген және тек 100 дейі ғана белсенді, шамамен 5 шақты ғана адам шынайы және күнделікті үлес қосуда.  Басқа қазақша жобаларын айтпай-ақ қояйын.

Менің айтарым осы Қазақша Википедияны бірге дамытайық, қауымдастық құрайық, сонда сапа да сан да болады. Тәжірбесі мол орысша, ағылшынша Википедияларға кіріп, олардың мақаланы қалай өңдеу керек нұсқаулықтары мен ережелерін, мақаланы безендіру шаблондарын қазақшаға аударайық. Қате көрсен түзей сал. Енді өзім де қолымнан келгенше осы жобаға үлес қосуды бастадым. Бәрі қазақ тілі үшін, болашақ ұрпақтарымыз үшін.

Және сайт интерфейсін (қазақшасын) тек админ ғана емес, http://translatewiki.net сайтына тіркелген кез-келген адам өңдай алады екен.

Википедиямен ғана шектелмей қазақша басқа жобаларды дамытайық, мысалы  [Қазақша Викидәйек][3] жобасына мақалдар салуға болады, ал [Қазақша Викикітап][1] жобасына кітаптар, өлең жырлар салуға болады.

https://surak.baribar.kz осы сайтты жасаушыларға да үлкен рахмет, керемет сайт.


  [1]: http://kk.wikibooks.org
  [2]: http://kk.wikipedia.org
  [3]: http://kk.wikiquote.org
  [4]: http://kk.wiktionary.org
  [5]:  http://www.wikimedia.org/
Сұрақтың жабылу себебі: форумға айналдырмай-ақ қояйын

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Blaster, сіз сияқты қазақ тілінің жанашырлары көбейсе екен деп тілеймін. Жарайсыз! Дұрыс айтасыз! Өзімізден бастайық! Қазақ тілінің дамуы үшін неге де болса дайынбыз. Ерінбей ат салысамыз, иншАллах!
0 дауыс
Әрине , Қазақша Википедия дамытуға бәрәміз атсалысамыз
жақсы екен
0 дауыс
Сайттың ережелерімен танысып,  жоғарыда жазғандарымның мазмұны сұрақ-жауап форматынан мүлдем  алыс екенін түсіндім. Бұл ағаттығымды кешірерсіздер. <br>
Дегенмен сәл толықтырып, нақтылайын:<br>
Жобаның қазақша қалай аталуын қалайсыздар? Уикипедия әлде Википедия?
+2 дауыс
Менімше "Уйкипедия"-деп аталғаны дұрыс сияқты. Тағы бір айтарым бұл үлкен әлеуметтік сайт болғандықтан барынша қарапайым,қолдану аясы жеңілдетілген,қарапайым халыққа түсінікті болса тамаша болар еді. Мысалы мен өзім Қазақша Википедияны қолданғым келседе қиналамын.
...