+1 дауыс
659 көрілді
Мен ауылдан шағын қалаға көшіп келдім,жаңа мектепке келдім,орыс мектебі,бұл қалада қазақ мектептері аз екен,орыс мектебінде 10 сынып оқимын,қасымдағылардың достарымның барлығының ойлағаны,сөйлегенендері де орысша?Орыс тілін қалай тез игерсем болады,және неге қазақ балалары ол үлкен қалада болсын кішігірім қалада болсын орыс мектебінде оқыса орысша ойлайды,және қазақ мектептеріндегі балаларға қарағанда өзгешелеу болады екен?

3 жауап

+1 дауыс
өзі айтып отыр емес пе орыс мектебі деп.Орыс мектебінде қай өзбек не болмаса қытайды көрдіңіз өз тілінде сөйлегенін.Әрине орыс мектебі болған соң қазақ балалары да орысша сөйлейді.Сізге сұрақ қойғым келеді не мақсатпен ол мектепке бардыңыз?Сіз қазақ емессіз бе?Әлде сізде өзге балалар сияқты еліктедіңіз бе?Осы ғой енді.біз еліктеу арқылы өз тілімізді,ділімізді жоғалтамыз!
0 дауыс
Шағын қалада қазақ мектебінің болмағаны өкінішті...(( Қазақстанда тұрып, мемлекеттік тіліміз - ҚАЗАҚ ТІЛІ болса да, орыс мектептерінде оқуға мәжбүр болағанымыз қиыыын жағдай...(( Орыс тілін үйренгіңіз келсе:

- орыс тілді кітаптар, журналдыр оқыңыз;
- орысша көп сөйлесуге тырысыңыз;
- қателесіп, тіліңіз келмей, шатасып жатсаңыз да ұялмаңыз!
- таныстарыңызбен, достарыңызбен сөйлесіп жүріп үйреніп-ақ кетесіз!

Сөйлей-сөйлей шешен боласыз!
Көре-көре көсем боласыз!
0 дауыс
Орыс мектебінде де оқып көріңіз, оның еш жаман жағы жоқ.  Мен өзімнің бастауышты орыс мектебінде оқып,  5 сыныптан бастап қазақ мектебін жалғастырмағаныма өкінемін. Үйіңізде қазақша сөйлейтін болса, онда қазақшаны ұмыту мүмкін емес. Қайта кішкентай кезде, ұят дегендерді білмей жатып, орыс мектебінде оқып, орысшаға жатық болып қалар едік.   
 Орысша әндер тыңдаңыз, орысша кітап оқи беріңіз, түсінсеңіз де, түсінбесеңіз де! Білмейтін сөздеріңізді  басқалардан сұрамай-ақ сөздіктен қарай салыңыз. "Білмегеніңді ұялмай сұрап ал!" деген кейін басыңызға таяқ болып тимес үшін, ешкімнің көмегіне сүйенбей өз бетіңізбен,не нәрсені болмасын орысша ойлауға тырсыңыз.
Өзім, орысшамды жетілдіру үшін күнделігімді орысша жазғанмын бір кездері, оның қателерін ешкім көрмейді ғой, ұялатын дәнеңе де жоқ!

Ұқсас сұрақтар

...