0 дауыс
2.6k көрілді
Қазақпыз ғой 3,Қазақпыз ғой рептерінің текстері керек еді

1 жауап

+1 дауыс
Қазақсың ба? Қазақ болсаң сөйле досым қазақша!
500 жылдық тарихы бар қазақ саған мазақ па?
Өз тіліңді ешқашанда өзге тілге қаратпа
Мазақтасаң міңгірлеген мәңгүрттерді мазақта!

Қазақ қызы қатын болды шет елдегі бөтенге
Қарындасым қателеспе, адаспа сен бекерге
Жат елдіктер сені тұрмақ салтыңды да сыйламас!
Қандай жігіт болса дағы қандасыңа жетер ме?...

Түсінбеймін несі ғайып арулардың тән жапқаны
Ұнатпаймыз, жақтырмаймыз қарындасты хиджаптағы...
Көшедегі орамалмен жүргендерді жау көреміз
Бұты менен кеудесі ашық сұлуларды сән көреміз

Содан шығар «педофилдер» апта санап артып барат
Ақырзаман қазақтарды ақырындап тартып барат,
Көбеюде құбыжықтар құбылмалы маска киген!
Сексуалды қанағатын алып жатыр жас сәбиден!

Қазақпыз деп жыршы қылдық Сайлаубектей жындыларды
Ұмыттық біз Бұқар менен Төле бидей құндыларды
Қазағымның жеткен жері «жлоуманама фләк» болды!
Оу қазағым, осыларға бізден басқа кім кінәлі?!!!???

Қ-сы
Алаш деп соқсын жүректер, «жамандар» мазақ қылмасын,
Алаш деп айтам тілектер, Алашым арың қорғасын
Алаш деп күнім жарқыра, Алаш деп таңды атырам
Алаулап жаным жалындай, Алаш деп бірлік шақырам!!!

Қазақсың ба?! Қазақ болсаң рамазанды құрметте
Көбеюде оразамен ойнап жүрген сұр беттер
Қарындастар фигураны түзейміз деп осы айда
Қасиетті рамазанды өткізуде құр текке!!!

Қазақпыз деп қалай айтам, сатып жатсақ сәбилерді
Қарт үйіне беріп жатсақ әке-шеше кәрілерді
Сонда бізге «асылдардан» доллар қымбат болғаны ма?!
Қазағыма жасыл ақша бақыт болып қонғаны ма?!

Қазақпыз ғой көнеміз біз өтірік пен шындыққа,
Келімсектер айналдырды хас елімді құлдыққа.
Жетер енді басынбаңдар, басынбаңдар қазақты
Айтшы маған! Қасқыр мінез қазақ саған ынжық па?!!!

Қайран елім қазағым-ау, қайсар мінез, текті едің.
Қазақ үшін тұра ма екен жүз қазақтың сексені
Тағы айтамын басынбаңдар, басынбаңдар қазақты
Күнін әрең көріп жүрген қазақ саған не істеді?!

- «Өр мінезді кең пейілді жаратылған намыстан,
Қазақ едік, жауларымен дем біткенше алысқан,
Оянайық, ойланайық, есте болсын бауырларым
Бөлтіріктің арасында қазақ жалғыз арыстан!!!

Қ-сы /2 рет/
Қорықпаймын қоғамнан мен, қорқатыным бір АЛЛА,
Оу, жамағат тәубеңе кел, намаз оқы тұрарда,
Ғаламторды ақтарғанша, құран оқы қазағым,
Қарсы келме ешқашанда заманауи жырауға!!!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
7 жауап
0 дауыс
2 жауап
...