Орыс мектебінде де оқып көріңіз, оның еш жаман жағы жоқ. Мен өзімнің бастауышты орыс мектебінде оқып, 5 сыныптан бастап қазақ мектебін жалғастырмағаныма өкінемін. Үйіңізде қазақша сөйлейтін болса, онда қазақшаны ұмыту мүмкін емес. Қайта кішкентай кезде, ұят дегендерді білмей жатып, орыс мектебінде оқып, орысшаға жатық болып қалар едік.
Орысша әндер тыңдаңыз, орысша кітап оқи беріңіз, түсінсеңіз де, түсінбесеңіз де! Білмейтін сөздеріңізді басқалардан сұрамай-ақ сөздіктен қарай салыңыз. "Білмегеніңді ұялмай сұрап ал!" деген кейін басыңызға таяқ болып тимес үшін, ешкімнің көмегіне сүйенбей өз бетіңізбен,не нәрсені болмасын орысша ойлауға тырсыңыз.
Өзім, орысшамды жетілдіру үшін күнделігімді орысша жазғанмын бір кездері, оның қателерін ешкім көрмейді ғой, ұялатын дәнеңе де жоқ!