+1 дауыс
7.1k көрілді
Қазақ халқына мінездеме беріңіз?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақ халқына мінездеме:
1.Қонақжай халық
2.Ақкөңіл халық
3.Батыр,ержүрек халық
4.Нағыз қазақ қазақ емес нағыз  қазақ-ДОМБЫРА
5.Өнерлі халық
6.Ерте кезде көшпелі халық болған
7.Сыйлы халық
Енді  әрі қарай Қазыбек бидің сөзімен аяқтағым келіп отыр.Осы шешендік сөзінде қазақ халқының қандай екенін ашып айтады.
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.
Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.
Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.
Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
+1 дауыс
Қазақтар,бiз күштіi халықпыз ғой..))Өзімізді өзіміз көтермегенде кім көтереді бізді??
--- дұрыс-ақ, Енді мінездемеңді бере кет, Ақмарал)
Жоғарыда Сағыныш қолданушы өте көркем қып мінездеме беріп кетті,толықтай қосылам.Дегенмен,менің ойымша біз ақкөңіл,бетінде барлығы жазулы тұратын халықпыз..)Сонымен қатар халқымызды "малым - жанымның садағасы,жаным - арымның садағасы"деген мақалынан арды аса қастерлеуінің көрінісі деп ойлаймын.
Белгісіз
ойыңа - мадақ. Жауабыңа - алғыс. алғырлығыңа - респект.)
0 дауыс
Қонақжай халық
Ақкөңіл халық
Батыр,ержүрек халық
Сыйлы халық
+1 дауыс
ол бұрын болған қазір бір бірін көре алмайтын күндейтін қорқақтау ма деп қаласын
0 дауыс
Мен Бруноға қосыламын,сол сияқты көре алмайтын біріміз жоғары өрлесек екіншіміз аяқтан тартатын, өз қазағымыздан гөрі басқа ұлтты көтермелеу, кешегі Қазақстан барысы барысындағы Бейбітке істеген сияқты әділетсіздіктер, 500-600 адам шақырып той жасау сияқты дарақылық, баласының сауаты әлсіз болса да зорлап оқыту сияқты намысқойлықтар, міне осылардың бәрі қазағымның мінезі.
"Қазақстан барысы барысындағы Бейбітке істеген сияқты әділетсіздіктер" Қандай әділетсіздік? Толық айтып жібересіз бе?
...