+2 дауыс
4.5k көрілді
Кейде армандауды ұнататын адамдарды *қиял* деп келекетіп жатады, меніңше армандай білу де адамға ауадай қажет, армансыз адам еш жетістікке жете алмайды...ал сіздің ойыңыз?)

4 жауап

+1 дауыс
Қиялшыл адам болмайды дегенге мен де сенбеймін,мен де қиялшылмын,арманшылмын!Қиялшыл болсаң,мақсатыңа да,үлкен жетістікке де қол жеткізесің,адамдар ең алдымен мақсат қоя білу керек,содан кейін ойлаған арманын жүзеге асыру қажет,Дана сен де қиялшыл  болып,түпкілікті арманыңа жетерсің деп ойлаймын!
үлкен рахмееееет) ия мен де сол қиялшыл адамдардың бірімін...)) сіздің де арман-тілектеріңіздің орындалуына тілектеспін...)
Белгісіз
+1 дауыс
Армансыз адам-бұлбұлсыз орман деп жатамыз,шынымен армандау-бұл болашаққа бір қадам басу! Арман мақсатсыз өмірдің қандай мағынасы бар?! Армандай біліп және соған жетуге талпыну керек!
Дұрыс айтасыз) Келісемін) +1

Бірақ "Отансыз адам - ормансыз бұлбұл" емес па еді, м?!
Кешіріңіз Мөлдір бірақ сіздікі сәл ұйқаспай қалған секілді! бірақ сіздің айтқаныңыз дұрыс!
–1 дауыс
Армансыз адам - қанатсыз құспен тең. Адам армандау керек, алдына мақсат қою керек. Сонда ғана биік шыңға, асқар тауға жетеді, жоспарлаған ойлары іске асады. Армандаған зиян емес, пайдалы! Аңсаған армандарыңыз бен ойлаған мақсаттарыңызға жете беріңіздер, достар!:)
+1 дауыс
Арман-мақсатқа жетер жол!мақсат қою арқылы болашағыңды армандайсың!демек мақсат ,арман сөздерінің астары бір десе де болады.Мөлдірмен толық келісем
Ия армандаудың еш зияны жоқ,тек армандап қана қоймай алдына мақсат қойып,соған талпыну қажет.Орыстарда "мечта-рождает чудеса"демей ме?!
...