Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Н-тің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті.Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды.[1] Қазіргі мәліметтерге қарағанда Таяу Шығыстағы ең ежелгі егінші-малшылар мәдениеті б.з.б. 8 – 7-мыңжылдықтарға жатады. Қытайда б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықта (Яншао), Еуропада (Македония) б.з.б. 7-мыңжылдықтың соңында пайда болды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай — бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мүндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар — пышақ тәрізді қалақтар және солардан жасалған заттар. Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғүрлым көп тараған, өйткені шөл және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы төрақтар — көбінесе кезбе аңшылардың уақытша маусымда тұрған жерлері. Қазақстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі сол, олардың көпшілігі — ашық үлгідегі тұрақтар. Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар — жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып, іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр түрлі техникалық тәсілдерің дамытып, жетілдіруге себепкер болды. Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтық топ құрайды, бұл топтардың мәдениеті жатынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитің Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті дамуының ұксас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне қарағанда бұл уақытқа карай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. VI — IV мыңжылдықтың орта шені шегінде белгіленсе, Алдыңғы Азия үшін ол б. з. б. VIII — VI мыңжылдықтарды қамтиды. Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады. Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамақ көзін пайдалануға мүмкіндік берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері, көкіністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, қазіргі үй малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте Еуразия далаларында қолға үйретілді — бұл оқиғаны «неолиттік революцияның» маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп қарастыруға болады. Бірақ далалық аймактың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше өзгерістер әлі де бола қойған жоқ — мұнда бұрынғысынша тамақ табудың негізгі көзі аң және балык аулау болды. Сірә, континенттік климат халық санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халык қажеттерін қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек. Жерорта теңізінің неғүрлым жұмсақ және бірыңғай климаты аймақта демографиялық жағынан артық жағдай туғызып, Шығыс елдерінде адам аң, балық аулау мен жиын-терінге қоса косымша тамақ көздерін өте ертерек іздестіруге мәжбүр болды, өйткені коғамның қажеттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.
Мазмұны
[көрсету]
Еңбек құралдары[өңдеу]
Еңбек құралдарынан қыспа түзету техникасын жетілдірумен қатар тас өңдеудің жалтырата тегістеу, бұрғылау, аралау сияқты жаңа технол. әдістері қалыптасты. Аңшылықтан мал өсіруге, терімшіліктен егіншілікке көшу орын ала бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің шығуы адам баласын осы салаларға қатысты жаңа еңбек құралдарын (дәнүккіш, келі, келсап, кетпен, т.б.) жасауға, оның сипатын сапа жағынан жетілдіруге итермеледі. Бұрынғыдай тастан және сүйектен жасалған құралдар кеңінен пайдаланылды және қыш ыдыстар кеңінен тарады. Қыш ыдыстардың шығуы дәнді дақылдарды сақтауға, пайдалануға көп мүмкіндік берді. Мәдени-шаруашылық белгілері жөнінен Неолит мәдениеттері екі топқа бөлінеді: 1) егіншілік пен малшылық; 2) аңшылық пен балық аулау. Соңғы топтағылар табиғаттан дайын өнімді алып пайдаланса, алдыңғы топтағылар өнімді тікелей өндіру арқылы алды. Әлеуметтік жағынан алғанда Неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды. Тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылғанын Еуразиядағы Неолит заманына жататын көптеген археол. мәдениеттер де айғақтайды. Кейінгі Н-те жіп иіру мен тоқымашылық шықты. Егіншілік дамыған аймақтарда ежелгі мемлекеттер қалыптаса бастады. Микролиттік индустрия кеңінен өрістеді. Микролиттер жебе ұштары мен қыстырма құралдар жасауға жұмсалды: сүйек немесе ағаш саптың ұзына бойындағы қуыстарға ондаған ұсақ микролиттер тау балауызы, қара май, битум арқылы бекітілді. Мұндай құралдар әсіресе тері өңдеуге, егін оруға пайдаланылды. Халық саны артып, қоғамда демогр. ахуал жақсара түсті. Қатынас құралдары дамыды. Адамдардың отырықшылыққа көшкенін көлемі әр түрлі баспаналар да айғақтайды. Баспаналардың бүкіл ұжымға не жеке отбасына арнап салынуы адамдардың қауым болып өмір сүргендігін аңғартады. Этнол. мағлұматтар Неолиттік тайпаларда аналық-рулық құрылыс үстем болғандығын көрсетеді. Сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жаңалықтар адамның дүниеге деген көзқарастарын түбірімен өзгертті. Табиғат күштеріне, анаға табыну орын алды. Бұған Неолит заманындағы өнерден хабар беретін тасқа түскен бедерлер, әйелдердің мүсіндері дәлел болады. Неолитте адамзат өмірінде болған өзгерістерді саралай келе, Г.Чайльд осы дәуірге қатысты “неолиттік төңкеріс” терминін енгізді. Қазақстан аумағынан, негізінен алғанда Солтүстік Қазақстаннан әзірше неолиттік бірнеше қабір табылды. Кабірлердің бірде-біреуінің жер бетінде сыртқы белгілері жоқ. Барлык молаларда сүйектермен бірге жебелердің табылуы бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қана қоймай, соғыс жанжалдарына жиі түсіп тұрғанын да көрсетеді. Қабірлерде керамика өте аз, ал кейбіреулерінде ол мүлде жоқ. Железинка ауылы жанындағы қабір бойынша (Пеньки түрағынан 100 шақырым) неолит дәуіріндегі жерлеу ғұрпы туралы мейлінше толық пікір айтуға болады10. Мола, сірә, рулық ұйымдағы ерекше дәрежелі әйелдікі болса керек. Сәндік заттардың, еңбек құралдарының көптігі, оның үстіне жерлеудің күнге табынуға байланысты ерекше ғұрпы осыны көрсетеді. Ондай әдет бойынша өлік кремацияланатын болған. Бұл жолы өлік толық өртелмеген; денесінің қалған мүрдесі өлген адамның заттарымен бірге молаға көмілген; ол заттардың ішінде бас киімге тағылған, шеті ұсақ кертпешелермен сәнделген, орақ тәрізді сүйек каптырма, жыртқыш андардың тістері, қауашақтан жасалған ірі моншактар тізілген алқа бар. Мейлінше сәнделген киіммен бірге молаға еңбек құралдары (шот, сүйек біз), аңшылық құралдары (найзалардың, жебелердің тастан және сүйектен жасалған ұштары) және балшыктан жасалған, құты тәріздес, түбі домалақ, кішкене үш ыдыс салыныпты. Сол жерден құланның екі топайы табылды; бұлар қызыл жосамен боялған, бұл түс ежелгі адамдардың ұғымынша өртеу, отқа табыну рәсімін білдірген.
Неолит кезеңін зерттеген ғалымдар[өңдеу]
Бірқатар ғалымдар (А.А. Монгайт, т.б.) оның бұл пікірін қуаттамады. Қазіргі таңда Қазақстан аумағынан Неолит дәуіріне жататын 800-дей ескерткіш табылған. Оларды зерттеуге Ә.Марғұлан, С.С. Черников, Х.Алпысбаев, А.Г. Медоев зор үлес қосты. Кейінірек В.Ф. Зайберт, В.Логвин, Ж.Таймағамбетов, т.б. ғалымдар айналысып, сол кезеңдегі өндірістің және адам өмірінің көп салаларының қыр-сыры, маңызды өзгерістері пайымдалды. Қазақстандық неолит Еуразиядағы тас дәуірінде болған тарихи-мәдени үрдістің аясында дамығандығы дәлелденді. Археол. мәдениеттер (атбасар мәдениеті, маханжар мәдениеті, т.б.) бөліп көрсетілді. Неолит тұрақты орналасу сипатына қарай: бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрақтары деп төрт түрге бөлінеді. Республиканың табиғи-климаттық жағдайына байланысты көпшілік тұрақтар ашық (жер бетінде) түрде кездеседі. Жергілікті Неолит мәдениеттері мезолиттен бастау алып, қола дәуірінде жалғасын тапты.[2]