0 дауыс
21.3k көрілді
Тас және қола дәуірінің жекеменшік түріне не жазуға болады?

1 жауап

0 дауыс

Тас дәуірі адамзат тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде адамның, оның мүсін-кейпі мен мінез-құлқы күн көріс тіршілігі қалыптасты. Тас дәуірі осыдан 2,5млн жыл бұрын басталып, б.з.д. 3 мыңжылдықта аяқталды.

Ғылыми зерттеулерге қарағанда  адам баласы осыдан 2 миллион жыл  бұрын пайда болған. Бұл деректі  археология ғылымы дәлелдеген.  Археология – тарихи ескерткіштер, мұралар арқылы адам  баласының  өткен тарихын зерттейтін ғылым. Ең алғашқы адамның сүйегі Шығыс Африкада (Кения  жерінің Олдувай шатқалы) табылады.

Тас дәуірінің  кезеңдері:

1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі)

а) ерте палеолит (б.з.д. 2млн -140 мыңжылдықтар).

Оңтүстіктегі Үнді мұхиты жағынан қазақ жеріне жылы ауа  келіп тұрған. Сондықтан Қазақстанда субтропиктік ормандар өскен. Сол кезде Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, арқарлар, тауешкілер т.с.с.

Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит  дәуіріндегі б.з.д. 800-140 мыңжылдықтарға сәйкес келеді. Алғашқы адамдар Қаратау (Жамбыл-Шымкент облыстары) жотасы мен Қарасу (Шымкент обл. Алғабас ауд.) тұрағында мекендеген. Ең көне тас құралдар Оңтүстік Қазақстаннан табылды. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстанда тас ғасыры адамының тұрақтарын тапқан ғалым Х.Алпысбаев болатын. Ерте палеолитке Шабақты, Бөріқазған тұрақтары жатады. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік. Алғашқы адамдардың баспанасы: тау үңгірлері, үңгіме қуыстар, тау шатқалдары, т.б. адамдар табиғаттың қаталдығына қарсы тұру үшін бірігіп аң аулап тіршілік етті, топтасып өмір сүрді. Олар пайдаланған тас құралдар мыналар: кварцит, обсидон, тақтас, шақпақ тас.

ә) Орта палеолит (б.з.д. 140-40 мыңжылдықтыр).

Орта палеолит дәуірі мустьер дәуірі деп аталады. Бұл дәуір ертедегі адамның одан әрі өсіп-дамуымен, мәдени дамуының жаңы кезеңге көтерілуімен ерекшеленеді. Орта палеолит дәуірінің адамдар неандерталдықтар деп аталады. Антропологиялық келбеті: мойыны қысқа келеді, тістері ірі болады,сөйлеу қабілеті толық қалыптасқан. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып топтасып аулаған.

Басты ерекшеліктерінің бірі – шақпақ тастан от шығаруды үйренді. Діни наным-сенім қалыптаса бастады. Мәселен, өлікті жерлегенде бір қырынаа жатқызып, аяғын бүгеді екен. Тас өңдеу әдісі жетілді. Еңбек құралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Бұл кезеңнің археологиялық ескерткіштері Оңтүстік Қазақстанның Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған. Сондай-ақ, орта палеолитке Уалиханов атындағы тұрақ жатады.

б) Кейінгі палеолит (б.з.д. 40-12 мыңжылдықтар).

Бұл дәуірде адам бласы  дамуындағы тағы бір жаңа кезең басталып, қазіргі адамға ұқсас адамдар  қалыптасты. Бұл адамдарды «саналы адам» немесе кроманьон адамдары деп атайды. Адамдар пышақ тіліктерін жасай алатын дәрежеге жеткен.

Еңбек құралдарының 20 шақты  түрі болған. Адамдар тау үңгірлерін, қуыстарды баспана қылған. Бұл  кезеңге тән баспаналар әзірге Қазақстан  жерінен абылған жоқ. Бұл дәуірде  адамдардың топтасып өмір сүру нәтижесінде  рулық қауым қалыптасты. Сонымен  қатар өнер де пайда болды. Бұл дәуір адамдарының бұрынғылардан бір ерекшелігі сол рухани жағынан әжептәуір жоғары болды. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер осылай дейді. Кейінгі палеолит адамдары Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағы, Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы, Қарабас көмбесі, т.б.

2. Мезолит дәуірі. Ежелгі тас ғасыры палеолит пен жаңа тас ғасыры неолит арасындағы өтпелі дәуірді орта тас ғасыры немесе мезолит деп атаймыз. Ол б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар кезеңін қамтиды. Мезолит дәуірі 7 мың жылға созылды. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелген. Қазақстанда табылған ескерткіштері көп емес.

Табиғаты: ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол жерлер сиреп қалды. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті. Аң аулау  сол кездегі адамдардың негізгі  кәсібінің бірі болды. Аңшылық қарулар: жебелі садақ, бумеранг, т.б. садақты  алғашында ағаштан жасаған. Жебелері де ағаш, ұштары сүйек. Жебе 80-450 метрге дейін жететін болған. Бумеранг ағаш ораққа ұқсас қару. 100 метрге дейін ұшады. Мезолит кезеңінде жебенің доғал және домалақ оқтұмсықтарын аңшылар терісі бағалы аңдарды аулау үшін қолданған. Балық аулау да жақсы дамыды. Оның себебі мұздар еріп, өзен, көлдер көбейді. Бұл дәуірде адамдар Еуропа, Азия, Америка материгін игерді. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

3. Неолит дәуірі (б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі немесе жаңа тас дәуірі деп аталады. Бұл кезең тастардың тиімді қасиеттерін тауып, кәдеге жаратқан табысты кезең болды. Еңбек құралдарын жасаудың тәсілдері жетілдірілді. Бұл дәуірде біраз ерекшеліктер болды. Ең алдымен, қоршаған орта қазіргідей кейіпке жетті. Адамдар жануарларды қолға үйретумен айналысты. Шаруашылықтың дамуына, оның жаңа түрлерінің көбеюіне байланысты адамдардың кәсіби қабілеті де дами бастады. Жаңа тас дәуіріндегі адамдар бұрынғы адамдардан барлық жағынан жоғары тұрды. Олардың құралдары: қыш ыдыс, керамика, дән үккіш, балта, кетпен, келі, сәндік бұйымдар, т.б.  Бұларды саз балшықтан, тастан, граниттен, мыс, алтын, қорғасын сияқты металдардан, т.б. заттардан жасаған. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер салатын болған.

Қола дәуірі (б.з.д.2-1 мыңжылдықтар). Тас дәуірі аяқталғаннан кейін қола дәуірі басталады. Қола дәуірі деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі дүниеге келген. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылады. Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі қалыптасты, оған мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі себеп болды. Қола дәуірінде бүкіл Қазақстан жерінде мал шаруашылығы жетекші салаға айналды.

Қола дәуірінің  үш ерекшелігі:

1. Қола метеллургиясы. Түсті металдар, оның ішінде алтын, өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңірінде кен орындарын табылуы бұған дәлел.

2. Бақташылық, мал шаруашылығы.  Мал өсіру негізгі кәсіпке  айналды. Үй жануарларының түрі  көбейді.

3. Егіншілік. Егіншілік  біршама дамыды. Металлургияның, мал  шаруашылығы мен егіншіліктің  дамуы ер адамдардың қоғамдағы  рөлін арттырды. Сондықтан аналық  рулық қатынастардың орнына аталық  отбасылық рулық қатынас орнады.

Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген  тұрақтар, кен орындары, тағы басқа археологиялық ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет еуразиядағы қола дәуірінің ең ірі мәдениеті. Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андронов қонысындағы Ачинск ауылының маңынан табылған. Қола дәуіріндегі ежелгі қалалрдың ең ескі тұрағы – Арқайым. Ол Қостанай және Шелябі облыстарының шекарасында орналасқан. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Енисейден Оралға дейінгі өте үлкен аймаққа таралған.

Бұл мәдениеттің Қазақстандағы  ескерткіштері Солтүстік-Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан. Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30-дан аса мекені, 150-ден аса  моласы табылды. Кейінгі қола дәуірінің  мәдениеті Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Андронов мәдениеті кезеңіндегі тайпалар геометриялық өрнек салуды білген.

Адамдар мыс пен қалайыны қосып қорытуды үйренген. Ол б.з.д. 2мыңжылдықта  басталған. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл, әрине, егіншіліктің болғанын көрсетеді. Жерді тесемен өңдеген, сондықтан  сол кездегі егіншілік «теселі  егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірілген. Алғаш рет соқаны Андроновтықтарда патша салған. Қола дәуірінің тайпалары үнді-ирандық  тілде сөйлеген.

Андронов қолөнері. Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар ыдысты  қыштан жасаған. Андронов мәдениетінің археологиялық рәмізі сырға мен алқа. Үй кәсіпшілігінде тоқыма кәсібі дамыған.

Андроновтықтардың кен өндіру әдісітері:

а) Жұмсақ кен өндіргенде опыру әдісін қолданды;

ә) қатты кен өндіргенде отпен уату әдісін пайдаланды;

б) үңгіп қазу әдісі.

Андроновтықтар өндірген кенді сумен шаятын болған.

Андроновтықтардың баспанасы  – жертөле немесе жартылай жертөле.

Діні мен өнері. Қола дәуірінің адамдары табиғат күштеріне көбірек табынды.

1. Мәйіттің басын батысқа  немесе оңтүстік-батысқа қаратып  жерлеген.

2. Өлікті қабірге аяқ-қолын  бүгіп жатқызған.

3. Өлген адамды өртеп,  қабірге оның күлін ғана қою  ғұрпы да болған.

Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Ошақты қатты құрметтеген. Тасқа салынған суреттер: жабайы бұқа, бишілер, қоспақ түйе, екң аяқ арба, әскер шайқасы. Әшекейлер: сақина тәріздес сырға, алтын білезік және т.б.

...