Жеке сұрақ қою

Сұрақ қою Сұрақ қою
Жеке сұрақ қою үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз .
ЖАУАП:
Құлашымды керейін,
Келген күні кемелі.
Сегіз арыс бұл Адай
Толықсыған ел еді.
Бақыт пен Дәулет көп еді,
Алты Алаштың ортада
Белгілі биік төбе еді.
Арғы жағы Әнестен,
Бергі жағы Алаштан
Негіз-тұқым келеді.
Сұлулығы айтылса -
Таза сүйек төре еді.
Тәрбиесі айтылса -
Сейітзада бек еді.
Кербездігі айтылса -
Асыл киім киініп
Белде деңмент кемері.
Салтанаты айтылса -
Ақ үй тігіп тепсеңге
Мамық төсек, құс жастық -
Жарасып тұрған өрнегі.
Мінгендері бедеу ат,
Алған жары асыл зат
Хор қызындай бедері.
Мықтылығы айтылса -
Биік асқар бел еді,
Бой бермес асу-өр еді.
Өткелсіз судың тереңі,
Алмастың кескір берені.
Мырзалығы айтылса -
Айдын шалқар көл еді.
Пақыр-міскін, нашарлар
Күн көрерлік кең еді.
Әдеп құлқы айтылса -
Аға айтса іні көнеді.
Палуанын айтсақ балтырлы,
Алысқан алып шөгеді.
Батырлар шықты айбатты
Жүргізгендей - кәрленсе
Қара жермен кемені.
Билерін айтсақ денелі -
Сөзбен талай тоқтатты
Хан менен бек-төрені.
Шайхы, хазірет көп шықты
Қабыл болған дегені.
Бес парызды тәмәмдап,
Шүбәсіз тағам жегені.
Өнерлі ісі айтылса -
Шәһәрлі жұртпен тай келді
Үлгі берер шебері,
"Бекет" деп ұран шақырса -
Дұшпанның шамы сөнеді.
Білгендер айтса еркі бар -
Адай - Адай болғалы
Қай орыннан кем еді?!
Туырлықты Қазақта,
Қазақ түгілі Арабта
Кім адаймен тең еді?

(ЫБЫРАЙЫМ АХУН ҚҰЛБАЙҰЛЫ)
Белгісіз 22.03.2014 жазды
...