Барлық қазақстандықтар Тараз қаласы жайлы не ойлайды екен?

+1 дауыс
8.2k қаралым
Барлық қазақстандықтар Тараз қаласы жайлы не ойлайды екен?
2000 жылдық тарихы бар киелі де көне кала ма? Әлде, Қазақстан бойынша криминалдық жағынан алғашқы орындағы қала ма?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 8.2k қаралым

24 жауап

+4 дауыс
Меніңше 2000 жылдық тарихы бар киелі де көне кала. Маған ұнайды Тараз, адамдары да.
+2 дауыс
мен дым билмейм, Тараз туралы , тек шуский есірткі сиякты бірдеңе естігенім бар еді, алде шегетін ба, сондай мен айгілі емес па? бурын мектепте окып жургенимде, спортсмен бір бала сонда жарыска  барып, шегетін бирдене акелип, друг-кластастарымнын таласкандары бар еди.... кателеспесем....
+9 дауыс
Менің ойыма Тараз дегенде табиғаты ең қолайлы, әсем қала түседі басқасын білмеймін
+7 дауыс
Криминал барлық өңірде бар, тек Тараз халқы аз шағын ғана қала болған соң білініп қалады. Негізі өте керемет, тап-таза қала.  Тарихи ескерткіштерге бай, қыдыруға болатын, көретін жері мол қала.
Ой рахмет,өз қалаң жайында жақсы лебіздер есту қандай тамаша!
Тараз шағын қала емес, халық саны 380 100, екі Ақтау қаласы болады немесе Атырау мен Қостанайды қосқанда бір Тараз болады.
+6 дауыс
Таразым, тамаша қала! Табиғаты әсем, жері сулы да нулы.  Бір жағынан Талас өзені,екінші жағынан Аса өзені ағып жатыр. Асанқайғы бабамыз айтқан "Таяқ тастасаң  тал болып көктейтін"- деген мекен осы. Күннен күнге өсіп,құлпырып келеді. Қойнауы тола қазына, Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджы хатун, Шығыс моншасы, т.с.с. XII-IX ғасырлық көне ескерткіштерге бай қала. Халық саны да аз емес 400000-нан  әлдеқашан асқан, республиқада өз орны бар қала. Акбакай алтын кен комбинаты, Қазфосфат сияқты алып, Бүкіл Қазақстан өнімін тұтынатын "Жамбылгипс", Қаратау кен байыту комбинаты, Атақты "ПОШ" фабрикасы, өнімін алыс- жақын шетелдер тұтынатын "Жамбылцемент" кәсіпорыны т.с.с. кәсіпорындары бар. Майда-шүйдені айтпағанда бұрыннан аты мәлім,түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде халқымызға қызмет етіп жүрген Тараз технологиялық университеті, Тараз педогокикалық университеті  сияқты оқу орындары бар.Міне Таразым осындай қала.
Керемет жауап
келісемін)) Көбі ойлайды "Тараз-криминалдың ортасы" деп... Сіздерге сондай шығар, бірақ өздеріңіз Таразға келіп бірнеше апта болсаңыздар ойларыңыз өзгерер))))
Таразда криминал жоқ, бұл стереотип 90-ы жалдары қалыптасып қалған. Бір өкініштісі Тараз оңтүстік қалалар арасындағы орысшалау қала (.
+3 дауыс
Тараз- менің туған жерім!!!!)))))))) туған жерге жететін не бар десейші)))))))(sun)
+3 дауыс
Тараздың ежелгі замандардан қазіргі кезеңге дейінгі бай тарихы бар қала
+4 дауыс

Тараз қаласының сүреттері. Қала тынысы:

 

+2 дауыс
Мен Тараз қаласында туып өскенмін, жалпы Тараз өзіме өте қатты ұнайды, Тараздың 2000 жылдық тарихы бар екені бәріне де белгілі, дегенмен көп жаңартуларды қажет етеді, мен де өз Қаламның Астана, Алматы қалалары сияқты өркендеп , жайқалып тұрғанын қалаймын
+2 дауыс
Мен көрген Тараздың қыздарының бәрі шетінен көрікті. Оңтүстік өңірде орналасса да тараздықтар көбінесе орысша араластырып сөйлейді. Соған қарамастан салт-дәстүрді жақсы сақтайды. Аздап мақтаншақтау боп келеді, өзінде бардың бәрін көрсеткісі кеп тұрады. Алайда өздеріне жоғары талап қояды, алған бетінен қайтпайды.
+1 дауыс
Тараз қаласы менің ойымша әдемі,көрікті қала.
+2 дауыс
Тараз кішкентай қала емес, Қарағандыдан кейінгі 5-ші қала саналады.Тараз маған ұнайды,өйткені әсем қала Алматы мен Шырайлы  Шымкенттің ортасында тұр,яғни болашағы зор.Шымкентке дейін 1-2-сағаттық жол. Оңтүстіктегі осы 3 қалада 6-7 миллионға жуық халық тұрады,бұл көрсеткіш бүкіл Қазақстанның халқының жартысына жуық.Тараздықтардың бір минусы орыстары жоқ болса да орысша сөйлеуге көп әуестенеді,сол жағы ұнамайды.Мысалыға: Алматыда, Шымкентте орыстар көп оларды түсінуге болады.Тараздың барлық тұрғындарының саны 350 мың болса,Шымкент қаласында тұратын жоқ деген орыстардың саны 450 мың екен,қазақтардың саны көп 600 мың болғандықтан орыстар онша байқалмайды.
+1 дауыс
Тараз дегенде тек қана көне тарихты, ежелгі, ескерткіштері көп қаланы елестетемін.
+1 дауыс
Мен Таразды 2000 жылдық тари хы бар Киелі қала деп ойлаймын
–3 дауыс
Тараз өте ескі киелі қала. Әрі ең бұзық қала ретінде де танымал. Ешкім барып ол жерге оқымайды.
0 дауыс
Таразда адам көрмейсің,көшеде өңшең ,лицензиясы жоқ майда-шүйде бандиттер,наркомандар,ұрылар, жүреді.Полициялары оларды көрсе қашады.Мен өзім көргем, 3 патрульдік қызметтегі метттер шаңқай түста қашып бара жатыр артында 2 бандит қуып барады екен.Дұрыс қой егер бандитпен бір іліксең ертесіне болса да әйтеуір өлтіріп кетеді,бәрі бір-бірін таниды.Қашып құтылғандары дұрыс болды.Кароче менттері бандиттердің алдында өте қауқарсыз.

Шымкентте керісінше,қаланы менттер ұстайды,менттерге бір артық сөз айта алмайсың,айту мүмкін де емес,по любому кінәлі қылып мойныңа іліп жібереді сені,біттің.Сондықтан шымкентте тәртіп бар,жириктердің балалары анда-санда атысып қалатыны болмаса.
0 дауыс
Сіз олай қателеспеңіз! Біле білсеңіз Қазақ хандығы Қазақстанның Оңтүстігінде құрылған, оны ешкім жоққа шығармайды деп ойлаймын! Мен Таразда туылғанмын, және осында тұрып келемін. Тараз туралы бұзық қала дегендер КВН арқылы тараған нәрсе! Қаламыз тыныш, адамдары жылы жүзді, мейірімді , Таразға келсеңіз ойыңыз өзгерер деп ойлаймын!
0 дауыс
Мен Таразданмын! Өте жақсы қала.
+1 дауыс
Тараз жер жаннаты!
+1 дауыс
Мен Қазақстанның Шведцариясы атанған Түлкібас ауданында осы екі қаланың ортасында тұрамын.Шымкент қаласы 70 км.Тараз қаласы 80 км. болады.Осы екі қаланың адамдарынан ешқандай айырмашылық байқамадық.Тараз ұнайды маған тыныш қала,машиналар аз,адамдар аз,ары бері жаяу бара саласың.Ал,Шымкент улкен өте шулы қала,күндіз түні машиналар бір тоқтамайды, көшелері кептеліс халық көп,жаяу жүрсең баратын жеріңе жету мүмкін емес.Ауа райы жағынан Тараз жылы,Шымкентте қардан жүре алмай жатсақ таразда шаң бұрқырап жатады қаңтар айында.
0 дауыс
Тараз жақсы қала ғой,әңгіме жоқ, қала тұрғындары өте жуас, момын. Бірақ карманчиктер, наркомандар, ала аяқтар, өзге дін сектанттары, бұзық балалар өте көп.  Тараз жақсы, тыныш қала деп жасырып қойып жүре берсеңдер бір күні құриды." Ауруын жасырған арам өледі деген" ғой, соны қазірден бастап ретке келтірмесеңдер кеш болады кейін. Тәртіп сақшылары тым әлсіздеу. Не деген бәле  шанқай түсте полицияны 100 адамның көзінше итше тепкілеп, бір адам қой деп сауға айта алмады қорқады бәрі. Кейін бір топ полициялары келеді да жай барақат: мынау өліп қапты деп әкетіп барады. кім өлтірді деп іздеп те жатпады. Қарап тұрған қала тұрғындары көргенжоқпыз деді. Біз 5-ші этаждан қарап тұрғанбыз, сол үйдің егелері бізді далаға шығармай қойды....... қорқады бәрі. 2000-шы жылдары болған оқиғалардың біреуі.
Ол 2000 жылы болатын. Одан бері 15 жыл өтті. Мен Таразда туылғаннан бастап 16 жыл тұрып келе жатырмын. Ондай наркаман, анау-мынауларды көрмедім. Жігіттері де жақсы қыздары да жақсы. Қарапайым қазақтың адамдары. Арасында бар шығар енді бұзықтары. Кез-келген қалада ондай адамдар болады. Тараз ешқашан құрымайды. Тараз ең криминальный қала болса қарапайым халық өзге қалаға көшіп кетер еді. Керісінше тыныш қала. Тараз көркейіп келе жатыр. Əдемі ғимараттар салынып отыр. Болашағы зор))
Таразды жақсы құрметтегеннен айтып отырмын, құрметтемесем бұлай айтпас едім. Бес нағашым, екі бөлем, екі құдабалдарым  сол қалада тұрады, содан таразда жиі боламыз. Таразға оқуға түсем деп барып қатты тоналып қайтқаным әлі есімде. 5-6 бала бірге тоналыппыз кейін сұрастыра келсек.
Біздің ұрыларға ұнамағансыз ғой. СЖ сайтында смайликтер жазылмайды екен. Күліп отырмын негізі)
Кез келген қалада болады ғой ұры-қары, бандит, наркаман деген.
0 дауыс
Өте әдемі қала!!!!!!!!!
0 дауыс
Тараз Ежелгі қала, бірақ қазіргі келбеті ешбір қаладан кем түспейді... Атап айтқанда: Тараз Қазақстан бойынша ең жасыл қала, жайқалған әсем гүлзарлары мен талдары, көгалдары көздің жауын алады; тарихи ескерткіштерге бай; ауа райы ең қолайлы және экологиялық жағдайы жағынан ең таза қала; адамдары жайдары, жұмыссыздар саны көп болғанына қарамастан тұрғындардың әл-ауқаты жақсы, өйткені тұрғындардың үштен бір бөлігі саудамен айналысады... Оның себебі ежелден келе жатқан Ұлы жібек жолынан қалған мәдениет деп ойлаймын....
0 дауыс
Иа.Тараз көрікті қала. Маған ұнайд.

Ұқсас сұрақтар

127,937 сұрақ
322,807 жауап
153,169 пікір
72,928 қолданушы