+2 дауыс
760 көрілді
Не себепті дәл осы күнге қойылған? Былай қарап отсақ сәуірде басқа мейрам жоқ екен. Басқа не үшін болуы мүмкін? Жауаптарыңызды асыға күтемін!

3 жауап

0 дауыс
Өлә,  /бейшара валентин/ күнін естідім, ал бұл мейрамды естімеппін...
+1 дауыс

   Махаббатқа да бір мереке керек-ақ. Осылай деп ұран тастап жүргенімізге біраз жылдың жүзі болды. «Еңлік-Кебек» күні немесе «Қозы мен Баян» күні болсын, жоқ дегенде «Ғашықтар күнін» атап өтейік деп наурыздың әр күнін меңзеген әртүрлі ойлар айтылып та, жазылып та жүр. Біз аталмыш мерекені ешкімнің есіміне меншіктемей, жәй ғана Махаббат мейрамы деп атауды ұсындық. Ал атаулы күнді 15 сәуірде тойлау – жұмыр басымызға тап бүгін ғана жұмыртқа салған идея емес. Оның әудемнен ой қозғар әп-әжептеуір тарихы бар. Осыдан оншақты жыл бұрын, осы жазба иесінің қиялына қауырсын шаншыған аталмыш ой «Хабар» агентігінің атынан мыңдаған көрерменнің талқысына ұсынылған болатын-ды. 2003 жылы «Таң қалмаңыз» бағдарламасының негізінде аталмыш тақырыпқа арнайы бағдарлама түсірілді. Әнші-композитор Сейфуллин Жолбарысқа арнайы ән де жаздырғанмыз. Содан бері де Махаббат мейрамын насихаттау жолында арнайы шаралар ұйымдастырмасақ та, осы күн қарсаңында түрлі бағдарламаларда махаббат тақырыбында ой қозғап, көрерменге мерекелік күңіл-күй беруге тырысып жүрміз.

   Егер өзіңізбен бет көріссек, «...неге наурыз емес, неге мамыр емес?» болмаса «...неге бұл айдың 14-і немесе 16-сының бірін белгілемеске?» деп сауал тастауыңыз анық.

   Біздің ойымызша, махаббат мерекесі сөзсіз көктем мезгілінде болу керек. Көктем – күллі адамзат үшін сезімнің, шуақтың, шабыттың, яғни махаббаттың синонимі секілді. Ал сәуірді таңдауымыздың себебі, бұл айда бірде-бір елеулі мереке жоқ (ғарышкерлер күні бүкілхалықтық сипатта тойланып жүрген жоқ). Сәуірдің 15-жұлдызын таңдауымыздың тағы бір себебі, бұл күн көктемнің бел ортасы. Символдық жағынан көңілге қонымды.

   Махаббат мейрамын айтулы датаға айналдырып, ауқымды түрде атап өтудің уақыты жеткен сияқты. Сезім мерекесінің қажеттігі сол – кеудесінде жұлқынған жұдырықтай еті бар адам ішкі лүпілін өзгеге жеткізуге ынтық. Ал кез-келген ұятты пенде жан сырын жайып саларға ұяң келері және рас. Қысқасы себеп керек. Салдарын маңдайының бағы білер...

   Сонымен махаббат атты тылсымның жетегінде қылшылдаған жігіттер мен уылжыған қыздар ғана жүрген жоқ. Жеңгенің ағаға деген тәтті назын, жардың жарға деген ыстық құштарлығын, ананың балаға деген шексіз мейірімін, тіпті атаның әжеге деген сыйластығын осы ұғымның аясынан тысқары әкете алмайсыз.

   Сол күні іңкәр жүректер арқырай ақтарылып жатса, үйде дастархан жайылып, алаңдарда концерттер, сарайларда кештер, телеарналарда думандар өтіп жатса. Сыйлыққа қазақша ашықхаттар, қазақы кәдесыйлар жолданып жатса шіркін, нағыз мейрам сонда болар ма еді деген балдай қиялымыз, анығында баладай мәпелеп, болашақтың бір күнінде оң әсеріне куә болсақ деген жоспарымыз бар.

   15 сәуір Махаббат мейрамы болсын. Қош көрейік. Қолдайық. Жақынымызға мейірім сыйлайық сол күні.

   Тағы бір ой.. Махаббат мейрамындағы екі жанның арасын жалғаған ұяң сезімнің көрінісі мынадай болса:

1. Дәл осы күні әркім өз сүйіктісіне деген сезімін әдемі сөз, көрікті тілмен 1 минут бойы тоқтамай, ақтарыла жеткізсе.

2. Дәл осы күні әрбір адам өз сүйіктісіне бәйшешектің (немесе басқа гүлдің) бір шоғын сыйласа.

3. Дәл осы күні, әрбір адам өз сүйіктісіне жүрек сыры жазылған шағын ашықхат сыйласа. (Қандай белгіде болу керегін ойластырудамыз. Ақыл қосыңыз!)

4. Дәл осы күні, әрбір ер азамат өз сүйіктісінің құрметіне кем дегенде бір көшет отырғызса.

5. Дәл осы күні, жұртшылық қауым өздеріне ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде (алаңдарда, ашық орындарда, стадиондарда) буын биі «Қара жорғаны» билеп, мерекеге жалпыхалықтың сипат берсе. Және қыз-жігіттеріміз иба сақтап, өз алдына жеке топ болып билегені дұрыс та шығар. Бұл әрі замандастар ортасындағы би жарысына да ұласар еді.

 

Бұл мәлімет Хабар агенттігі сайтынан алынды. http://www.khabar.kz

Жан сей бұдан хабардармын. басқа не себеп бар екенін білгім келеді?
Ау, қарындасым, Жан-Сей! Осы жазғанызды өзіңіз, сонда, жазасыз ба7 Әлде кейбір жерлерін бір жерден тінтіп, кейбір жерлерін өз ойыңыздан құрастырып жазасыз ба7 Маған таңғалдыратыны, осылай көпқып, қатесіз - сауатты, жүйесіменен жазу үшін мамандығыз  журналист, филолог немесе басы қатты істейтін фанатик болғаныңыз ғой онда...
Бұл негізі газетке шыққан мақала ғой. Серік Абас-шах жазған болу керек қателеспесем...
Ассалау-алайкум Архун!Астында сілтемесі тұрғой сайттан көшіріп алып қоя салу қиын емес қой
Ассалаумағалейкум деңіздерші а?
Онда мағынасы өзгеріп кетеді.
+2 дауыс
менің ойымша махаббат күнін осы кезге қою себебі көктемнің қақ ортасы және көктем барлық тіршілік иесінің ояннар шағы деп білемін
...