+5 дауыс
25.3k көрілді

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
найжагай емес мүмкін найзағай шығар ?
http://byst.ro/b7ne мыннан қара

Найзағай, нажағай, найжағай деп те айта береді.

+2 дауыс
Бір зарядты бұлттардың түйісуінен. Аллаһ солай жаратқан.
Негізінде найзағай болған да өте сақ болу керек.Өйткені  шайтандар найзағайдан қатты қорқатын көрінеді.Сол кезде үйлердің бұрышына тығылады екен.Баяғы кезде халқымыз найзағай болғанда  үйдің бұрыштарын аластататын  екен.Ал қазір ондай жоқ сияқты.
+4 дауыс

Найзағай жарқылы - бұлттарды немесе жерде шоғырланған электр зарядтары есебінен пайда болатын алып электр заряды. Найзағай өте ыстық болады және аламды қатты жарақаттауы, тіпті өлтіруі де мүмкін. Рой Салливан атты Америка паркінің қараушысына 1942 мен 1977 жылдар арасында жеті рет жай түскен, бірақ тірі қалған. Найзағай өзін қоршаған ауаны 33000 градус цельсий шкаласына дейін жылытып, бұлттар арасынан немес бұлт пен жер арасынан өтеді. Бұл күн бетінен бес есе ыстық.

Қызықты шықты мағлұмат!

 

Табиғаттың  тылсым  құпиялары адам санасында  әрқашан  үрей туғызған. Аспанда 
жарқылдаған найзағай жерге  Құдайдың  жебесіндей  қадалып, түскен жерін  өртеп, тиген 
жанды  өлім құштырып жатуы көне заман адамының зәресін ұшырғаны анық. Ерте заманда 
адамдардың тылсым табиғат күштеріне табынғандары да осыдан болуы керек. 
Ғалымдар алғаш рет найзағайұстағышты ойлап тауып, оны бірнеше физиктің өмірін 
құрбан ете отырып сынақтан  өткізгенде, табиғат күштерінің  ауыздықталу жеңісін мәз-
мәйрам тойлау басталған болатын. Бірақ  бұл жеңіс толық  па еді?  Әрине, жоқ!  Соңғы 
ғасырда найзағай  құрбандарының  саны жылдан-жылға  үнемі  өсу  үстінде. Тек Францияның 
өзінде ғана жыл сайын миллионға жуық найзағай түсіп, ондаған адам, он мыңнан артық мал 
өліміне  ұшыратады екен.  Әрине, найзағайұстағыш болмаса  құрбандар саны мұнан 
әлдеқайда көп болар еді, дегенмен адамзат найзағайдан толық қорғанды деп айта  қою 
қиын. 
Бүгінгі күні ғылымға найзағай туралы өте көп мағлұмат белгілі.  
Найзағай  – электр тоғының  разряды. Ол бұлттан жерге  қарай 160-1600 км/с жылдам-
дықпен ауаның иондалған каналы арқылы қозғалады. Плазманың температурасы 30 000 
0
С 
жетеді, диаметрі 1,27 см канал, 3-6-метрлік тәжбен қоршалып, оның ұзындығы 90 метрден
32 км-ге дейін созылады. Найзағаймен  қоса  қабат дыбыс толқындарының  соққысы (күн 
күркіреуі)  кейде 29 км-ге дейін жетеді екен. 
Найзағай электр разрядының  таралу заңдарының  көбіне бағынады, бірақ  әрқашан 
және бәріне бағына бермейді. Найзағай электр разрядтарынан тұрады, бірақ  біз не электр 
дегеннің  не екенін бүге-шігесіне дейін білмейміз, немесе найзағай тек  қана электрден 
тұрмайды. Күн күркірейтін күндерді синоптиктер көбінесе дәл болжап айта алады, ал 
найзағайдың жарқылдау барысының  заңдылықтарын көбінесе алдын ала болжау, тіпті оны 
түсіну  қиындық  туғызады. Найзағайға байланысты таңғажайып оқиғалар толып жатыр. 
Бірнеше мысал: найзағай адамның  сырт киімін сол күйі қалдырып, іш киімін күйдіріп жібер-
ген, ал бір адамның  шашын түк  қалдырмай  қырып тастаған,  енді біреудің әмиянындағы 
қағаз ақшалар бүтін қалған да, ал барлық тиындары бір кесек болып балқып кеткен.
Ал мынау қайғылы уақиғалардың кейбіреуі ғана: ағаштың астында найзағай соғып өлген 
адамның  денесінде сол ағаштың  кішірейтілген кескіні  қалған. Күн күркіреп жатқанда ағаш 
астында паналап отырған бір топ адам ағашқа найзағай түскенде тас мүсіндерге айналған. 
Бір  қарағанда олар тірі сияқты көрінгенмен, түртіп  қалса, күл болып  үгіліп кеткен екен. 
Найзағай адамның үстіндегі киімін быт-шыт қылып жыртып, шашып тастап, ал адамның өзін 
кейде өлтірсе, кейде тірі қалдырған уақиғалар да белгілі. 
Егер ауа  құрамында оттегі көп болса, найзағай түскенде тұтанған оттан  үлкен орман 
өрттері шығып, соның  салдарынан атмосферадағы оттегі азаяды. Ал оттегі азайғанда жас 
ағаштың  жануы да  қиындайды, сондықтан енді жас орман аз  өртенеді, бірақ қураған кәрі 
ағаштар оңай жанатындықтан, олардың өртенуі бұрынғы қалпында қалады. Өртеніп кеткен 
кәрі ағаштардың орнына жас көшеттер пайда болып, жасыл орман қалыңдай түседі де, бұл 
қайтадан ауадағы оттегінің  артуына  әкеледі. Жер атмосферасындағы оттегінің  пайыздық 
мөлшері осылайша миллиондаған жылдар бойы сақталып келеді.
Егер найзағайды соқыр стихияның бір құбылысы десек, ол тым соқыр да емес сияқты
0 дауыс
Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған ағылшын ғалымы В . Франклин болды .Оның болжамы :Жер бетінен көтерілген бу аспанда қатты салқындайды су тамшыларына айналады . Су тамшылары ірілене түседі. Ауа ағысы оларды бірде жоғары, бірде төмен қуалайды. Жоғарлаған сайын салқындап су мұз түйіршіктеріне айналады . Мұз түйіршіктері тамшыларарға соқтығысып, су оларды қабыршақтап орап алады. Содан кейін ол қата бастайды. Мұз түйіршіктері ауырлай береді де, бұлттың төменгі қабатына түсіп, онда жылырақ болғандықтан еріп кетеді. Бірақ олар құйын екпінімен тағы да жоғары көтеріледі. Онда мұз түйіршіктерімен қайтадан соқтығысады . Су тағы да қата бастайды. Түйіршіктері ұлғайып, ауырлай береді . Енді мұз түйіршіктері бұлтпен бірге қалқып тұрмай төмен қарай құлайды Жерге жақындағанда еріп жаңбырға айналады. Кейде олар еріп те үлгермегендіктен жерге майда мұз түйіршіктері күйінде түседі. Сөйтіп бұршақ жауады . Қалың бұлт арасындағы қозғалыс тоқтамайды . Су тамшылары мен мұз тамшылары соқтығысады ,үйкеледі. Сөйтіп электр тогымен зарядталады. Бұлттың жоғары бөлігінде оң , ал төменгісінде теріс электр заряды пайда болады . Олардың арасынан ұшқын шығады Найзағай жарқылдайды. Ол сол мезетте айналадағы ауаны қыздырып тез ұлғаяды да жарылыс болады, күн күркірейді .

Найзағай тоқтап, қою бұлт сейілгенде ауа тазарып, тыныштық кеңи түседі , нөсер жауын жерді де , аспанды да жуып өтеді . Сондықтан да ежелгі славяндар найзағай құдайдан тек қаһарлы емес, қайырымды деп ұққан
0 дауыс
Найзағайдың ойнауы немсе пайда болуы - Бұл құбылыс кезінде қалың будақ-жаңбырлы бұлттарда және бұлттар мен жер арасында көп еселі электр разрядтары пайда болады, күн күркірейді. Ұйтқыма жел, дауыл соғып, кейде бұршақ аралас нөсер жаңбыр жауады. Найзағайды шептік және масса ішіндегі деп ажыратады. Шептік найзағай атмосфера шебінде, ал масса ішіндегі найзағай ауаның жер бетінде жылынуынан пайда болады.
...