+2 дауыс
726 көрілді

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
“Махаббат бекеті” өзіңе жетсем, дертіме дауа табылып қалар :)
![description][1]
Осы фильмді теледидардан анда-санда көре қалсам түсініксіз сезім бойымды билеп, денем түршігіп, екі бетім дуылдап, өлген жүйке талшықтары тіріліп, өзімнен-өзім жымиып кететінім бар. Фильмнің саундтрегі жүрегімнің бір шетіндегі ұйқыға кеткен сезімді еріксіз оятып алады. Неге тап осы киноға ғана сезімтал екенімді әлі түсіне алмаймын. Тіпті «махаббат мекені» үнділердің де кинолары жүрегіме бұлай әсер етпеген, ешбір шет елдік киноға денем түршігіп, жаным тәтті сезімге бөленбеген.
Фильм Талғат Теменовтың ең супер туындысы. Кинодағы ең ұнайтын эпизод Гүлназ бен Оралдың үйлену тойдағы көзбен сөйлесуі. Қаншама сезім, қаншама көңіл, көзге қарап түсінісіп отырады.
Бірәқ романтик болсам да, шын өмірде Гүлнәздің орнында болсам мен де Жеңіспен тұрмыс құрар едім. Бақытты болар ма едім, мектептегі өткен балалық махаббатты ұмыту оңай, жүрегіңде мәңгі қалғанымен, ол ешбір зияны жоқ сезім болып қалады. Ал кәмелет жастан соң басыңнан өткен махаббат машақаты жүрегіңе жара салып не болмаса татуировка секілді өшпестей бір кісінің есімін жазып кетеді. Сосын жүргенің қиналып, қансырап (((
Сосын бұрындары бір-екі әнші орындаған ән бар еді “Гүлназым” деген, қазір Самал тобы орындап жүр. Міне сол өлең телефонымда да, жұмыстағы компьютерімде де бар, жүрген жерде тыңдап жүремін. Музыкасының алғашқы секундтарында ақ махаббаттың ең тамаша сезім екенін сезінемін :)
Авторы: Мен емес...)

  [1]:
Фильмнің саундтрегі жүрегімнің бір шетіндегі ұйқыға кеткен сезімді еріксіз оятып алады.))) керемет екен...Кандай саундтрек?
Айдана керемет екен!
+1 дауыс
"Махаббат бекеті","Баянсыз махаббат","Мүмкін емес махаббат", Қ.Жүнісовтің «Махаббат мелодрамасы»,"Қыз Жібек", тағы басқа қазақтың махаббат жайлы кинолары жетерлік.:)
...