+1 дауыс
82.0k көрілді
Көктем мезгілі жайлы толық мәліметтерді (өлең шумақтарын, шығармаларды) қайдан ала аламын?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
*“Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары еріп, құстар жылы жақтардан қайта оралады..Ағаштар бүршік жарып гүлдейді..” деген сарында басталатын..Одан бері талай көктем келді кетті..Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым..
Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл..Қыс пен көктемнін алмасар уақыты..Бір бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған кішкентай балаларды есіме салады менің..Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі..Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойыннан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді..Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады..Келесі бала ол жаз мезгілі..
Биылғы көктем ерке көрінді маған..Сыңғырлаған күлкісін, жылт еткен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салды..Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді..Бірақ сонысымен адамды баурайды..Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың..
Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл..Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуі де адамды қобалжытады, асықтырады, тағатсыздыққа душар етеді…*

Сәлем, көктем,
 *Мен қайтадан туылдым,
 Көк аспанның күмісімен жуындым.
 Көк мұз жапқан шатқалында көкейдің,
 Ақ арманның бүрлейтінін ұғындым.*

Сәлем, көктем,
 Таңғы самал ескенде,
 Бұлт гүл болып өскенде,
 Дәл мен сынды, көңілмен де, еспен де,
 Көк шөппенен жыр жазбаған еш пенде.

Сәлем, көктем,
 *Өрнек қандай су салған,
 Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
 Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
 Жұпар исін жұта берем жусаннан.*

Сәлем, көктем,
 *Өліп кетпеу үшін мен,
 Күннің нұрын жүрегіме түсіргем.
 Аспан асты – керемет той, аста-төк,
 Ағыл-тегіл жұлдыз нұры ішілген…*

Сәлем, көктем,
 *Өркеш-өркеш томарың…
 Сәлем, көктем, қаз-үйректім, қоғалым!..
 Қаулап шықты жауқазындар сүт аңқып,
 Қауызында сақталса еді обалым!..*

Сәлем, көктем!
 *Кіл еңбекқор, кіл асқақ
 Құмырсқалар жағдайымды сұрасқан.
 Көңілімнің оркестрін ойнатты,
 Тырналардан нота түзген мына аспан!..*


----------

*Көктемде келер,
 Құстар да жетер ән салып.
 Көктер де шығар,
 Көгілдір нұрға тамсанып.
 Сулар да тасар,
 Кетпесе екен деп тіле,
 Мұхиттар көлге қарсы ағып.*


----------

*Көктемде келер,
 От ойнар әлі аспанда.
 Көгерер әлі:
 Кәрі емен, қайың, жас тал да.
 Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,
 Аспанда апат зарядтар жағаласқанда.
 Көктемде келер,
 Құстар да жетер ән салып.
 Көктер де шығар,
 Көгілдір нұрға тамсанып.
 Сулар да тасар,
 Кетпесе екен деп тіле,
 Мұхиттар көлге қарсы ағып.
 Бұлттар да көшер,
 Жыртық па, әлде бүтін бе?
 Жауласа бермей,
 Жайғасар, келер бітімге.
 Ақ көңіл бұлттар,
 Ақ нөсер төгіп өтсін де,
 Айналып кетпей түтінге.
 Келсе екен көктем,
 Көк, жасыл шұғыла тартылса.
 Көкжиек барып
 Көкжиектерге артылса.
 Көктем де келер,
 Көрерміз әлі жазды да,
 Осылай өмір,
 Тұрса егер тыныш қалпынша.*..
Ооо, ГоХа ханым сізге көптен көп рахмеет! Алла разы болсын!!!
Көмегім тигеніне қуаныштымын Монти..)
Белгісіз
оте унады керемет екен сизге улкен рахмет
...