0 дауыс
8.7k көрілді

3 жауап

+1 дауыс
Сәлематсыз ба!Жеке өзіме келетін болсақ, қазіргі  ақындардың ішінен  Қалқаман Сарин ағамыздың шығармашылығы өте қатты ұнайды!Әсіресе " Менің мұңым " атты өлеңі жаныма жақын.
Тұншықтырып тірлігімді тынымсыз,
Тас төбемнен төнді тағы Түн үнсіз.
Маған қарап мұңаяды мың жұлдыз,
Жетімсіреп менің мөлдір мұңымсыз.

Менің мұңым, менің мұңым – мөлдір мұң,
(Мұңсыз өмір сүре алмаймын мен бір күн).
Түнгі аспаннан тұнық іздеп көз алмай,
Қарап жатып қанша жұлдыз сөндірдім.

Бүгін тағы құрбан болып бар үміт,
Санадан тыс құдіретке бағынып.
Мың жұлдыздың арасынан бір жұлдыз,
Ағып түсті. Жалғыздықтан жалығып.

Олар, сірә, ғашық менің мұңыма,
Мен де олардың құмар едім сырына.
Мұңсыз – мінсіз ғұмыр кешу, құдай-ау,
Қасірет қой жердің Ақын ұлына.

Әппақ Айдың бір сәулесі тисе артық,
Кетер, шіркін, көңілімде күй шалқып.
Өзгеше бір өлең жазып отырам,
Мың жұлдыздан мұңдарымның иісі аңқып.

Менің мұңым сәуле төгіп Күнге ұқсап,
Мұңлы шаққа сыйлайды бір нұрлы сәт.
Түнгі ызғардан тоңып тұрған томсарып,
Жұлдыздардан гүл жасайды бір құшақ.

Аспанымда – тұнып тұрған күміс шық,
Аспан асты – сыр ұқтырған тыныштық.
...Өзім сүйіп, өзім күйіп жататын,
Менің мұңым ып-ыстық.
Жауабыңызға рахмет шынында да жақсы өлең екен
+1 дауыс
Қазіргі жас ақындардың барлығын дерлік оқып отырамын. Солардың ішінен ерекше ұнайтыны Асылзат Арыстанбектің шығармалары.

Мерейтойым тойланады менің де

Тірі кезде бағы ашылмай түнерген,
 Жаратылған жаны жайсаң өлеңнен,
 Деп маған да ортасынан қаланың,
 Бір ескерткіш соғарсыңдар,
 Білем мен.

 Тірлігінде мейлі күлсін, түнерсін,
 Қадірімді өлгеннен соң білерсің.
 Мен тұрған үй іргесіне мәрмәрдан,
 Бір ескерткіш-тақта әкеп ілерсің.

 Ұқпайсыңдар қазір менің сырымды,
 Дос түгілі қасқа бермес күнімді.
 Сендер оқып жарытпаған бүгінде,
 Балаларың жатқа оқиды жырымды.

 Не арман бар өлеңдерім жатталса,
 Мені іздесе кітаптардан, ақтарса.
 Баспанаға жарытпаған...
 Өлген соң,
 Бір мұражай ашарсыңдар көп болса.

 Тап осындай көрмеп ек деп ақынды,
 Жеткізерсің келешекке хатымды.
 Көшелі жыр жазған ақын деп менің,
 Бір көшеге берерсіңдер атымды.

 Білем қазір өте қоймас жарлығым,
 (Жарлығыма жар құлағын салды кім?)
 Нағыз ақын осы еді деп түбінде,
 Мойындайсың, мойындайсың барлығың.

 Жырға жерік емессіңдер сезгенім,
 Ертеңгіге жетсе болды сөздерім.
 Жалғыз-жарым кітабы бар ақынға,
 Том-том кітап жазарсыңдар өздерің.

 Шақта мынау от боп жанар жалындар,
 Шаласыңдар аяғымнан, таңым бар.
 Ертең әлі-ақ бір жаңалық ашқандай,
 Докторлығын қорғап жатар ғалымдар.

 Дұға оқылып мүрдем жатқан жерінде,
 Дүр атағым дүркірейді елімде.
 ЮНЕСКО-ның көлемінде мың жылдық,
 Мерейтойым тойланады менің де!
+1 дауыс
Өзіме Ақын Қалқаман Сариннің өлеңдері қатты ұнайды. Ең қатты ұнаған өлеңі:
Айналайын.

Сен жақсы көретін ең жақсы мерейлі мезгіл боп,
Сен жақсы көретін ең жақсы санамда сөз бүрлеп.

Сен жақсы көретін ең жақсы шырайлы Күнге ұқсап,
Сен жақсы көретін ең жақсы бір Айлы түнге ұқсап.

Сен жақсы көретін ең жақсы армандай түсі әппақ,
Сен жақсы көретін ең жақсы гүлдерді құшақтап.

Сен жақсы көретін ең жақсы сезіммен нәп-нәзік,
Сен жақсы көретін ең жақсы сөзіммен хат жазып.

Сен жақсы көретін ең жақсы  ән болып әдемі,
Сен жақсы көретін ең жақсы  жан болып уәделі...

Алағай күн кешіп, толағай мұң кешіп келемін,
Сен жақсы көретін ең жақсы көңілдің күйі - осы,
Себебін түсінсең, сен едің, жаным-ау, сен едің,
     ...Мен жақсы көретін, ең жақсы жүректің иесі!
...