0 дауыс
776 көрілді
Өткен өміріңізбен (прошлое) қазіргі кезді (настоящее) салыстырсаңыз , қай кез сізге көбірек ұнайды?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

"Қамшының сабындай қысқа ғұмыр-ай" - деп бұрынғы бабаларымыз бекер айтпаса керек. Адам өмірі қысқа,әрі тез жылжитын уақыттан құралған. Адам 100 жыл өмір сүрсе де арт жағына қарағанда "әттең-ай мыналарды істеп үлермедім-ау" - дейтін сәттері де болады. Бір Бөпетай деген атамыз 100 жасқа келіп сол жүз жасын атап өтіп едік. Сол атамыз бөлмесінің төрінде томытқадай болып жатса бір 60-65-тер шамасына келіп қалған тәлпіштеу келіні келіп:

- Ата міне жүзге келіп отырсыз, сізде еш арман жоқ шығар - депті, сонда әлгі атамыз:

- Әй шырағым, сені біразға келді, есі бар деп жүрсем әлі шала екенсің ғой. Маған сенің сол жүз жасың анау табалдырықтан осы төрге жүріп өткендей болмай-ақ зу етіп ете шыққан жоқ па?- деген екен. Демек сол қысқа ғұмырдың бәрін маңызды әрі қызық қылып өткізуге тырысу керек болар деймін. Адам жастары туралы білгілерің келсе мына http://jakup.ucoz.ru/blog/zhas_lestiru_zhajly_a_yz_fsana/2013-08-22-39 жерден қараңдар.

 

 

0 дауыс
Балалық Шақ қой Ұнайтын!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Өткеніммен бүгініме және алдағы өміріме де ризамын. Шүкір Аллаға. Алһамдулиллә! Ешкімге ештеңеге өкпем жоқ. Осы өмірге келіп Алланың сынағанан өтудің өзі бір бақыт қой маған.
0 дауыс
Қазіргімен өмір сүру керек. Өткен шақты аңсай берсең осы шақтың қадірін түсінбейсің

Ұқсас сұрақтар

...