0 дауыс
27.1k көрілді
Оңтүстік Америка табиғатының өзіндік ерекшеліктері оның географиялық орнының қандай белгілеріне байланысты деп ойлайсыңдар

3 жауап

+1 дауыс
КЛИМАТЫ

Оңтүстік Америка экватордың екі жағында жатыр, бірақ оның негізгі бөлігі оңтүстік жарты шарда жатыр. Материктің ең енді бөлігі тропиктердің аралығында, субтропиктік және қоңыржай ендіктерде оның енсіз және тілімденген шеті жатыр.
Солтүстік Америкадағы сияқты Оңтүстік Америка да оның орографиясы климат құрудағы маңызды факторы болып табылады. Атлант мұхиты жағынан келетін ауа тасқындары батысқа Анд тауының етегіне дейін еркін өтеді. Батыста және ішінара солтүстітен Анд тосқауылы  Тынық мұхит пен Кариб теңізінен келетін ауа ағындарының қозғалысына әсерін тигізеді.
Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі үшін атмосфера циркуляциясының аса маңызды  типі – екі жарты шардың пассаттық циркуляциясы. Біршама ылғалды тропиктік ауа массалары атланттық максимумдардың батыс шеттері арқылы шығады. Бұл ауа материктің түпкіріне қарай жылжи және ылғалының дәуір бөлігін Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының шеткі жағына бере отырып трансформацияға ұшырайды.
Материктің шығыс шетінде, экватордан оңтүстікке қарай солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың пассаттары кездеседі, ал батысқа таман жатқан аудандарда  әр жарты шардың жазғы кезінде пассат тасқындарының басқа жарты шарға ауысуы және муссон желдерінің түзілуі байқалады.
Материктің қиыр оңтүстігіне батыстан мұхиттық ылғалды ауа келеді. Сөйтіп, Тынық мұхит жағалауында, әсіресе Анд тауының батыс беткейлерінде жауын-шашын мол болады, ал Анд тауының қалқасында жатқан және шығысынан салқын ағыс өтетін Патагония қоңыржай ендіктердің біршама құрғақ континенттік ауа массалары қалыптасатын орталығына айналады.
Африка сияқты, Оңтүстік Американың да негізгі бөлігі экваторлық, субэкваторлық және тропиктік климат белдеулерінде жатыр. Ол қиыр оңтүстігінде субтропиктік және қоңыржай белдеулерге кіреді. Бірақ бұл белдеулердің ені және олардағы әр түрлі климат типтерінің арақатынасы Африкадағыдан басқаша. Бұл, ең алдымен, Оңтүстік Американың  Африка материгі орографиясының ерекшеліктерінен күрт айрықшалатын орографиялық өзгешеліктері байланысты.
Оңтүстік Америкадағы экваторлық климат белдеуі Амазонка ойпатын түгелге жуық (шығыс бөлігімен қиыр оңтүстігінен басқа). Гвиана таулы қыраты мен Ориноко ойпатының жапсарлас бөліктерін қамтиды. Экваторлық белдеу алабына экватордан солтүстіктегі Тынық мұхит жағалауы да кіреді. Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы мол жауын-шашын мен бір қалыпты жоғары температура (+24, +280С) тән.
Оңтүстік Американың бүкіл солтүстік бөлігі Ориноко ойпаты, Кариб теңізі жағалауы, Гвиана таулы қыратының едәуір бөлігі және Гвиана ойпатымен бірге субэкваторлық климат белдеуінде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуіне Бразилия таулы қыратының солтүстігі мен Амазонка ойпатының оңтүстігі кіреді. Субэкваторлық климаттың ерекше сипаты – жауын-шашынның таралуындағы маусымдық бүкіл осы территорияда айтарлықтай анық байқалады.
Оңтүстік Америка тропиктік климат белдеуінің шегіне оңтүстік жарты шарда ғана кіреді. Бразилия таулы қыратының шығысы мен оңтүстік-шығыс бөлігі ылғалды пассатты климат аймағында жатады. Онда жауын-шашынды бүкіл жыл бойы  Атлантика жағынан тропиктік ауа тасқындары әкеледі. Ауа тау беткейлерімен көтеріле отырып, оның жел жағына мол ылғал қалдырады. Жауын-шашын режимі және ылғалдану жөнінен бұл климат Амазонка ойпатының климатына ұқсас, бірақ ең ыстық ай мен ең салқын ай температура  айырмашылықтарымен ерекшелінеді.
300 о.е. оңтүстікке қарай Оңтүстік Америка субтропиктік климат белдеуі шегіне кіреді.
Материктің оңтүстік- шығысында (Бразилия таулы қыратының оңтүстік шеті, төменгі Уругвай бассейні, Парана мен Уругвай өзен аралығы, Пампаның шығыс бөлігі) климат біркелкі ылғалды субтропиктік болады. Жазда муссондық сипаттағы солтүстік шығыс желдері ылғал әкеледі, қыста полярлық фронттағы циклондық әрекетке байланысты жауын-шашын түседі.
Тынық мұхит жағалауының (30-дан370 о.е. дейін) климаты субтропиктік, жазы құрғақ.
Қоңыржай белдеуде (400о.е. оңтүстікке қарай) Оңтүстік Американың ең енсіз бөлігі жатыр. Патагония – қоңыржай ендігінің континенттік ауасының қалыптасу орталығы болып отыр. Бұл ендіктерге батыс желдері жауын-шашын әкеледі. Олардың Патагонияға баратын жолын Анд тауы бөгейді, Сондықтан жауын-шашын мөлшері 250-300 мм – ден аспайды. Қыста оңтүстіктен суық ауаның өтуіне байланысты қатты аяз болып тұрады. Кейде аяз -30-350С – ге жетеді, бірақ айлық орташа температурасы жылы.
Материктің қиыр оңтүстік батысы мен жағалаудағы аралдарда климат қоңыржай жылы, мұхиттық. Бүкіл осы аймақ күшті циклондық әрекеттің және қоңыржай ендіктен келетін мұхиттық ауаның ықпалында болады.
0 дауыс
Амазонка өзенінің басейінің тропикалық ормандары неге біздің ғаламшарымыздың өкпесі деп аталады
0 дауыс
Оңтүстік Американың батыс бөлігін Кордильера тау жүйесінің жалғасы – Анд таулары алып жатыр. Ол қатпарланып созылған Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Анд жоталарынан тұрады. Солтүстігінде Венесуэланың Кариб Андысы 2 тізбек құрайды. Колумбия Кордильерасы Шығыс, Орталық, Батыс болып бөлінеді. Эквадор Андысында Чимборасо (6310 м), Котопахи (5897 м), Сангай (5230 м) жанартаулары кездеседі. Орталық Анд енді, кең (750 км). Мұнда Титикака көлі, батыс жағалауында Атакама шөлі, Льюльяйльяко жанартауы орналасқан. Оңтүстік Анд Басты Кордильера мен Жағалық Кордильерадан тұрады. Ең оңтүстігіндегі Патагония Андысы батысқа қарай Патагония үстіртіне ұласады. Құрлықтың солтүстік-шығысындағы Гвиана таулы үстірті мен шығысындағы Бразилия таулы үстіртін дүние жүзіндегі аса ірі ойпаттардың бірі – Амазона ойпаты бөліп жатыр. Ол Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы ойпатымен жалғасқан.
...